Құжат мәтініне өту

Об установлении ставок вознаграждения авторам за приобретение на определенный срок имущественных прав на общественно значимую литературу, а также экспертам за представление экспертного заключения

Бұйрық · № 104 · қабылданған 22.04.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-155153/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об установлении ставок вознаграждения авторам за приобретение на определенный срок имущественных прав на общественно значимую литературу, а также экспертам за представление экспертного заключения Қолданыста Бұйрық ·№ 104 ·22.04.2021
22.04.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ставок вознаграждения авторам за приобретение на определенный срок имущественных прав на общественно значимую литературу, а также экспертам за представление экспертного заключения

Қолданыста Бұйрық ·№ 104 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ставок вознаграждения авторам за приобретение на определенный срок имущественных прав на общественно значимую литературу, а также экспертам за представление экспертного заключения
Атауы (қаз.)
Қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алғаны үшін авторларға, сондай-ақ сараптама қорытындысын бергені үшін сарапшыларға сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
104
Қабылданған күні
22.04.2021
Көрсетілген редакция
22.04.2021 155153_519427.kaz
Соңғы өзгеріс
22.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022604
ЭКБ идентификаторы
155153
Редакция идентификаторы
155153_519427
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:28

0 Қоғамдық маңызы бар әдебиетке

мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге
сатып алғаны үшін авторларға,
сондай-ақ сараптама қорытындысын бергені
үшін сарапшыларға сыйақы
мөлшерлемелерін белгілеу туралы
«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-2-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алғаны үшін авторларға сыйақы мөлшерлемесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2 2) сараптама қорытындысын бергені үшін сарапшыларға сыйақы мөлшерлемесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив ісі және құжаттама департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
2021 жылғы «____» _________

1 Қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алғаны үшін авторларға сыйақы мөлшерлемесі

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2021 жылғы 22 сәуірдегі
№ 104 бұйрығына
1-қосымша
Қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алғаны үшін авторларға сыйақы мөлшерлемесі

Әдебиет түрі
Өлшем бірлігі
Өлшем бірлігінің ең төменгі жалақыға шаққандағы құны
1.
Энциклопедиялық және анықтамалық әдебиет
1 авторлық парақ*
6,0
2.
Балалар және жасөспірімдерге арналған әдебиет
6,0
3.
Мәдениет және өнер туралы әдебиет, оның ішінде ноталық әдебиет (ноталық шығармаларда ноталар шығарманың жалпы көлемінің 50% құрайды)
6,0
4.
Көркем әдебиет
6,0
5.
Танымдық әдебиет
6,0
6.
Қоғамдық-саяси әдебиет
6,0
7.
Ғылыми-көпшілік әдебиет
6,0
8.
Аударма әдебиет
6,0
9.
Мерейтойлар мен атаулы күндерге арналған әдебиет
6,0
Ескертпе:
* «Мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі қағидаларын бекіту және оны іріктеу өлшемшарттарын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 18 шілдедегі № 210 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15467 болып тіркелген) сәйкес әдебиеттің көлемі авторлық парақтарда өлшенеді, ол: прозада – 40 000 белгіге, поэзияда – 700 өлең жолдарына тең. Фотоальбомның, сурет-альбомның және кітап-альбомның көлемі авторлық парақтарда өлшенеді, ол иллюстрациялық және бейнелеу материалдарының кескін ауданының 3000 шаршы сантиметріне тең.

2 Сараптама қорытындысын бергені үшін сарапшыларға сыйақы мөлшерлемесі

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2021 жылғы 22 сәуірдегі
№ 104 бұйрығына
2-қосымша
Сараптама қорытындысын бергені үшін сарапшыларға
сыйақы мөлшерлемесі

Әдебиет түрі
Өлшем бірлігі
Өлшем бірлігінің құны айлық есептік көрсеткішпен
1.
Энциклопедиялық және анықтамалық әдебиет
1 авторлық парақ*
2
2.
Балалар және жасөспірімдерге арналған әдебиет
2
3.
Мәдениет және өнер туралы әдебиет, оның ішінде ноталық әдебиет (ноталық шығармаларда ноталар шығарманың жалпы көлемінің 50% құрайды)
2
4.
Көркем әдебиет;
2
5.
Танымдық әдебиет;
2
6.
Қоғамдық-саяси әдебиет;
2
7.
Ғылыми-көпшілік әдебиет;
2
8.
Аударма әдебиет;

Қолданыстағы