Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қаулы · № 156 · қабылданған 14.04.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-155293/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Күшін жойған Қаулы ·№ 156 ·14.04.2021
11.10.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Күшін жойған Қаулы ·№ 156 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
156
Қабылданған күні
14.04.2021
Көрсетілген редакция
11.10.2024 155293_727359.kaz
Соңғы өзгеріс
11.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21KM006322
ЭКБ идентификаторы
155293
Редакция идентификаторы
155293_727359
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:40

0 Азаматтық қызметші

болып табылатын және ауылдық жерде
жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру
және мәдениет саласындағы мамандар
лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға, қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер алуға құқылы азаматтық қызметші болып табылатын лауазымдарының тізбесі айқындалсын.

2

2. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 125 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3848 тіркелген, 2016 жылғы 18 маусымдағы «Қарқаралы» № 49-50 (11340) газетінде, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 22 маусымда жарияланған, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2016 жылы 22 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3

3. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 қаңтардағы №16 «Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №125 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5692 тіркелген, 2020 жылғы 8 ақпандағы «Қарқаралы» № 6 (11753) газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылы 30 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4 4. «Қарқаралы ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қарқаралы аудандық
мәслихатының хатшысы
С. Нуркенов

0 Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға, қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер алуға құқылы азаматтық қызметші болып табылатын лауазымдарының тізбесі

Қарқаралы ауданы
әкімдігінің
2021 жылғы 14
сәуірдегі
№ 156
қаулысына қосымша
Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға, қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер алуға құқылы азаматтық қызметші болып табылатын лауазымдарының тізбесі

1 1. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

1 1) ММ және КМҚК басшысы (директоры);

2 2) кітапхана меңгерушісі;

3 3) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

4 4) барлық атаудағы суретші;

5 5) кітапханашы;

6 6) режиссер;

7 7) көркемдік жетекші;

8 8) музыкалық жетекші;

9 9) балетмейстер;

10 10) концертмейстр;

11 11) хормейстер;

12 12) дирижер;

13 13) аккомпаниатор;

14 14) хореограф;

15 15) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

16 16) библиограф;

17 17) бухгалтер.

2 2. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:

1 1) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

2 2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

3 3) барлық атаудағы әлеуметтік қызметкер.

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ММ – мемлекеттік мекеме;
КМҚК – коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.

Қолданыстағы