Кіру
Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятий

Өзге акт · № 5 · қабылданған 27.04.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-155341/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған Өзге акт ·№ 5 ·27.04.2021
15.07.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.07.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятий

Күшін жойған Өзге акт ·№ 5 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
5
Қабылданған күні
27.04.2021
Көрсетілген редакция
15.07.2021 155341_530573.kaz
Соңғы өзгеріс
15.07.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21TDD04943
ЭКБ идентификаторы
155341
Редакция идентификаторы
155341_530573
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:24

0 Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Исатай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 10-10/81 ұсынысы негізінде Зинеден ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Зинеден ауылдық округі, Зинеден ауылы, Ынтымақ көшесі, 18 үй Г. Умбеткалиев ауласында мүйізді ірі қара малының арасынан бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Исатай аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Исатай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.

3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы