О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін, осы бұйрықпен бекітілетін қоса беріліп отырған кейбір бұйрықтар тізбесінің 2-тармағының он төртінші және он бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Басқа 0. Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
Бұйрықпен бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын және шығындардың орнын толтыру көздерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 23 ақпандағы № 24 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5604 болып тіркелген): Концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын және шығындардың орнын толтыру көздерін айқындау әдістемесінде: 24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «24. Концессионердің инвестициялық шығындары өтемақысының сомасы концессия объектісін пайдалану кезеңі ішінде төлемдердің жиынтық шамасына тең. Концессия объектісі бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын жеке, сол сияқты мемлекеттік қолдаудың және мемлекеттік бюджеттен төленетін төлемдердің өзге де шараларымен бірге ұсынған кезде: инвестициялық шығындардың өтемақысы инфляция деңгейіне индекстелмейді; Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға сәйкес құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттар ескеріледі. Инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеу концессия объектісін пайдалануға бергеннен кейін концессия шартына сәйкес кемінде 5 (бес) жылды құрайтын мерзім ішінде тең үлестермен жүзеге асырылады. Бұл ретте концессия шартында белгіленген инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеу мерзімін неғұрлым ерте кезеңдерге ауыстыруға жол берілмейді.»;
Тармақ 4
Басқа 1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің (ББӘ) мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) жобасын іске асыру жолымен мемлекеттік инвестициялық жобаны (МИЖ) іске асыру туралы инвесциялық ұсынысына арналған ұсынымның құрылымы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 48 Бұйрыққа 1- қосымша Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің (ББӘ) мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) жобасын іске асыру жолымен мемлекеттік инвестициялық жобаны (МИЖ) іске асыру туралы инвесциялық ұсынысына арналған ұсынымның құрылымы
Басқа 2
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 48 Бұйрыққа 2-қосымша
Басқа 3
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 48 Бұйрыққа 3-қосымша
Басқа 4
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 48 Бұйрыққа 4-қосымша