Об утверждении Правил размещения информации на интернет-портале открытых данных Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссияcы «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті
Басқа 1. Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 144 бұйрыққа 1-қосымша Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-2-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) – мемлекеттік органның ашық деректерін орналастыру үшін интернет-порталдағы жұмыс орны;
Тармақша 2
2) ашық деректер – машинада оқылатын түрде ұсынылған және өзгермеген түрде одан әрі пайдалануға, қайталап жариялауға арналған, жалпыға бірдей қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстар;
Тармақша 3
3) ашық деректердің интернет-порталы (бұдан әрі – Портал) –ашық деректер бойынша сипаттаушы және сілтемелік ақпараттың орталықтандырылған сақталуын қамтамасыз ететін «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдасы;
Тармақша 4
4) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ақпаратқа қол жеткізу саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 5
5) ақпарат пайдаланушы – ақпаратты сұрататын және (немесе) пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 6
6) әкімші – мемлекеттік биліктің, жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының органдары мен мекемелерінің (бұдан әрі – мемлекеттік орган), мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, функцияларды орындаушыларының жұмысын ұйымдастыратын мемлекеттік органның, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, функцияларды орындаушының ашық деректердің интернет-порталындағы өкілі;
Тармақша 7
7) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар (бұдан әрі – функцияларды орындаушылар) – «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері және олардың бірлестіктері, өзін-өзі реттейтін және үкіметтік емес ұйымдар;
Тармақша 8
8) «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы (бұдан әрі – сервистік интегратор) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, «электрондық үкіметтің» архитектурасын және «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасын дамытуды әдіснамалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 4 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңыңда көзделген өзге де функциялар жүктелген заңды тұлға.
Тарау 2. 2-тарау. Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру тәртібі
2-тарау. Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру тәртібі
Тармақ 3
3. Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ақпаратты Порталда орналастыру тәртібі ашық деректерді орналастыруды және өзекті етуді қамтиды.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, функцияларды орындаушылар қазақ және орыс тілдеріндегі ашық деректерді Порталда орналастырады және өзектендіреді. Мемлекеттік органдар ашық деректерді Заңның 6-1-бабы 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесіне сәйкес орналастырады және өзектендіреді.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, функцияларды орындаушылардың Порталда ашық деректерін орналастыруы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ашық деректерді ұсыну форматына сәйкес JSON (Java Script Object Notation) немесе XML (eХtensible Markup Language) форматтарында орналастырады. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, функцияларды орындаушылар ашық деректерді JSON немесе XML форматына ауыстыруды АЖО-да орналастырылған құралды пайдалана отырып жүзеге асырады. Құралды пайдалану үшін мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, функцияларды орындаушылар осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген ашық деректерін JSON немесе XML форматына аудару жөніндегі құралды пайдалануға арналған сипаттамаға сәйкес ашық деректерін қалыптастырады.
Тармақ 6
6. Порталда орналастырылатын ашық деректер ашық деректердің сипаттамасын, ашық деректер өрістерінің сипаттамасын және машинада оқылатын түрдегі ашық деректерін қамтиды. Мемлекеттік органның, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, функцияларды орындаушының АРІ (Application Programming Interface) қолдана отырып, ашық деректерді ұсынуы берілетін ақпарат мемлекеттік органның, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, функцияларды орындаушының ақпараттық жүйесінде қамтылған жағдайда жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Ашық деректерді алу қажет болған жағдайда, ақпарат пайдаланушы еркін нысанда ашық деректерді орналастыруға өтінімді Портал арқылы тиісті мемлекеттік органға, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемеге, квазимемлекеттік сектор субъектісіне, функцияларды орындаушыға жібереді.
Тармақ 8
8. Сервистік интегратор ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей, ақпарат пайдаланушылардан келіп түскен өтінімдерді өңдеуді жүргізеді. Өңдеуден өткен өтінімдерді сервистік интегратор АЖО арқылы әкімшіге жібереді.
Тармақ 9
9. Егер ақпарат пайдаланушы сұратқан ашық деректер Заңның 11-бабының 16-тармағына қайшы келмесе, мемлекеттік орган, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеме, квазимемлекеттік сектор субъектісі, функцияларды орындаушы өтінімді алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде АЖО арқылы Порталда ашық деректерді орналастырады. Кері жағдайда мемлекеттік орган, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеме, квазимемлекеттік сектор субъектісі, функцияларды орындаушы өтінім алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде АЖО арқылы ашық деректерді орналастырудан бас тартады.
Тармақ 10
10. Ақпарат пайдаланушыға мемлекеттік орган, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеме, квазимемлекеттік сектор субъектісі, функцияларды орындаушы тиісті шешім қабылдаған кезден бастап өтінімді қарау мәртебесі туралы хабарлама автоматты түрде жіберіледі.
Басқа 1.1. Ашық деректерін ұсыну форматы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларына 1-қосымша Ашық деректерін ұсыну форматы
Тармақ 1
1. Ашық деректерді жариялау форматы «meta»: { «apiUri»: «», «nameKk»: «», «nameRu»: «», «nameEn»: «», «descriptionKk»: «», «descriptionRu»: «», «descriptionEn»: «», «keywords»: [], «responsible»: { «fullnameKk»: «», «fullnameEn»: «», «fullnameRu»: «», «phone»: «», «email»: «», «owner»: { «fullnameKk»: «», «fullnameEn»: «», «fullnameRu»: «», «phone»: «», «email»: «» «fields»: { «<fieldName>»: { «type»: «Int | String | Double | Boolean |Date | Geoposition», «labelKk»: «», «labelRu»: «», «labelEn»: «», «datapath»: «<apiUri>.<id>», «pkey»: true}, «<fieldName>»: { «type»: «Object», «labelKk»: «», «labelRu»: «», «labelEn»: «», «fields»: {} «<fieldName>»: { «type»: «List», «labelKk»: «», «labelRu»: «», «labelEn»: «», «elementType»: «Int | String | Double |Boolean | Date | Geoposition | Object | List» «fields»: {} «data»: [{}..{}]
Тармақ 2
2. Формат бойынша ашық деректер туралы жолдардың сипаттамасы Р/с № Жол­дың ата­уы Қа­зақ/орыс ті­лін­де­гі жол­дың ти­пі Жол­дың ти­пі Ат­ри­бут­тар мәніне қой­ы­ла­тын қо­сым­ша (ар­найы) та­лап­тар 1 apiUri Ашық де­ректер­дің сәй­кестен­дір гі­ші Жол (100) Ашық де­ректер­дің бі­ре­гей сәй­кестен­дір­гі­ші 2 NameKk /NameRu Ашық де­ректер­дің ата­уы Жол (255) Ашық де­ректер­дің то­лық ата­уы 3 DescriptionKk / descriptionRu Ашық де­ректер­дің си­патта­ма­сы Мәтін Ашық де­ректер­дің то­лық си­патта­ма­сы 4 Keywords Ашық де­ректер­дің түй­ін­ді сө­зде­рі Мас­сив/ Ті­зім Түй­ін­ді сө­здер 5 Responsible.fullnameKk/Responsible.fullnameRu Ашық де­ректер­ге жа­у­ап­ты адам Жол (100) Ашық де­ректер­ге жа­у­ап­ты адам­ның ТАӘ 6 Responsible.phone Те­ле­фон нө­мі­рі Жол (50) Жа­у­ап­ты адам­ның те­ле­фон нө­мі­рі 7 Responsible.email Элек­трон­дық по­шта­ның ме­кен­жайы Жол (50) Жа­у­ап­ты адам­ның элек­трон­дық по­шта­сы­ның ме­кен­жайы
Тармақ 3
3. Ашық деректер жолдарының сипаттамасы Р/с № Жол­дың ата­уы Қа­зақ/орыс ті­лін­де­гі жол­дың ти­пі Жол­дың ти­пі Ат­ри­бут­тар мәніне қой­ы­ла­тын қо­сым­ша (ар­найы) та­лап­тар Ашық де­ректе­рі мы­сал 1 Жол­дың ата­уы Бү­тін сан­дар Int Ат­ри­бут сан­дық мән­ді қам­ти­ды id: { type: «Int», labelKk: «ИД», labelRu: «ИД», labelEn: «ID», pkey: true}, 2 Бү­тін емес сан­дар Double Ат­ри­бут сан­дық емес мән­ді қам­ти­ды 3 Жол String Ат­ри­бут­тың мәні тек мы­на­дай сим­вол­дар­ды қам­ти­ды: Қа­зақ және орыс әлі­п­би­і­нің бас (жа­зы­л­ған) және кі­ші әріп­те­рін қам­ти­ды – [A, Я] және [а, я]. «Нө­мір» бел­гі­сі «Де­фис» бел­гі­сі «Дөң­ге­лек» жақ­ша­лар Сөз бөл­гіш – «ара­лық» да­ра ны­шан «Үтір» бел­гі­сі «Нүк­те» бел­гі­сі title: { type: «String», labelKk: «Ата­уы», labelRu: «Ата­уы», labelEn: «Title»} 4 Ло­ги­ка­лық мәні Boolean true/false published: {type: «Boolean», labelKk: «Жа­ри­я­лан­ған», labelRu: «Жа­ри­я­лан­ған», labelEn: «Published»}, 5 Кү­ні Date Ат­ри­бут кү­нін қам­ти­ды. Мәні мы­на­дай түр­де: КК-АА-ЖЖ­ЖЖ сс:мм date: {type: «Date», labelKk: «Кү­ні», labelRu: «Мер­зім», labelEn: «Date»}, 6 Гео­по­зи­ция Geoposition Ат­ри­бут жер бе­т­ін­де­гі нүк­те­нің ор­на­ла­суы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­ды– Х ко­ор­ди­на­та­ры: У ко­ор­ди­нат­та­ры 7 Па­рақ List List ат­ри­бу­ты де­ректер­дің ке­ңей­ті­ле­тін мас­си­він қам­ти­ды 8 Объ­ект Object Ат­ри­бут бас­қа неме­се са­лын­ған объ­ек­ті­лер­дің си­патта­ма­сы үшін пай­да­ла­ны­ла­ды
Тармақ 4
4. Ашық деректер жолдары атрибуттарының сипаттамасы Р/с № Ат­ри­бут­тың ата­уы Ат­ри­бут­тың си­патта­ма­сы Бо­лжам­ды мәні 1 type Ат­ри­бут жол ти­пін көр­се­те­ді Int, String, Double, Boolean, Date, Geoposition, Object, List 2 labelKk Қа­зақ тіл­де­гі ат­ри­бут­тың ата­уы 3 labelRu Орыс ті­лін­де­гі ат­ри­бут­тың ата­уы 4 elementType Ат­ри­бут мас­сив ішін­де­гі объ­ек­ті­нің ти­пін көр­се­те­ді Int, String, Double, Boolean, Date, Geoposition, Object, List 5 pkey Ат­ри­бут жол бі­ре­гей сәй­кестен­дір­гіш бо­лып та­бы­ла­тын бел­гі­ні көр­се­те­ді true, false 6 fields Ат­ри­бут объ­ек­ті­нің іш­кі жо­лын си­паттай­ды 7 datapath Ат­ри­бут бі­ре­гей сәй­кестен­дір­гі­ші бар де­ректер­дің бас­қа да ашық де­ректе­рі­нің сі­л­те­ме­сіне ар­нал­ған «<ашық де­рек сәй­кестен­дір­гі­ші>.< объ­ект сәй­кестен­дір­гі­ші>»
Басқа 1.2. Ашық деректерін JSON, ХМL форматына көшіру құралын пайдалану сипаттамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларына 2-қосымша Ашық деректерін JSON, ХМL форматына көшіру құралын пайдалану сипаттамасы
Тармақ 1
1. Ашық деректердің сипаттамасы Жолдың атауы Мәні Мысалы Ашық деректердің сәйкестендіргіші № Қазақ тілдегі ашық деректердің атауы* Астана қаласының дәріханалары Орыс тіліндегі ашық деректердің атауы* Аптеки города Астана Қазақ тілдегі ашық деректердің сипаттамасы* Көрсетілген ашық деректер Астана қаласының дәріханалар ақпаратын қамтиды Орыс тіліндегі ашық деректердің сипаттамасы* Указанные открытые данные содержат информацию об аптеках города г. Астана Қазақ және орыс тілдеріндегі түйінді сөздер* Дәріхана, аптека Жауапты адамның қазақ тілдегі тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)* Ақышев Жеңіс Бекенұлы Жауапты адамның орыс тіліндегі тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)* Акишев Женис Бекенович Жауапты адамның телефон нөмірі* 8 (7172) 740479 Жауапты адамның электрондық поштасы* zh.​akishev@​qogam.​gov.​kz Ескертпе: * міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар
Тармақ 2
2. Ашық деректер жолдарының сипаттамасы Жол *Қа­зақ тіл­де­гі жол­дың ата­уы *Орыс ті­лін­де­гі жол­дың ата­уы Жолдың ти­пі *Кү­ні­нің фор­ма­ты (жол­дың ти­пі кү­ні бол­са) Ашық де­ректер­дің ішін­де­гі нақ­ты объ­ек­ті­ге сі­л­те­ме Жол бі­ре­гей сәй­кестен­дір­гіш бо­лып та­бы­ла­тын бел­гі­ні көр­се­ту Мас­сив ішін­де­гі объ­ек­ті­нің ти­пін көр­се­ту Үл­гі id сәй­кестен­дір­гіш ин­ден­ти­фи­ка­тор String true name Ата­уы На­зва­ние String false region Өңір Ре­ги­он String false geoposi-tion Гео­нүк­те Гео­по­зи­ция Geoposi-tion false address Ме­кен­жайы Ад­рес Address false schedule Жұ­мыс іс­теу кесте­сі Гра­фик ра­бо­ты Text false expireDate Ли­цен­зи­я­ның аяқ­та­лу мер­зі­мі Срок ис­те­че­ния ли­цен­зии Date DD.​MM.​YY YY false Ескертпе: 1. * міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар 2. Ашық деректер жолының сипаттамасы, сондай-ақ оларға қойылатын талаптар осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген.
Тармақ 3
3. Ашық деректерін қалыптастыру шаблоны id name region geoposition address 11 Гиппократ Астана 51.117469,71.428171 Астана қаласы, «Ильинка» Т.А. Есет батыр көшесі 18-үй 22 Зеленая аптека Астана 51.121077,71.419938 Астана қаласы, Достык шағын ауданы, Сауран көшесі 5-үй
Басқа 2. Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 144 бұйрыққа 2- қосымша Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды беру қағидалары мен форматын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 86 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13231 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды беру қағидалары мен форматын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 86 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 10 қазандағы № 432 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17682 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды беру қағидалары мен форматын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 86 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 201/НҚ бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20762 болып тіркелген).