Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы в дошкольных организациях города Астаны
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы в дошкольных организациях города Астаны
- Атауы (қаз.)
- Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 107-1402
- Қабылданған күні
- 23.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 27.12.2022 155469_615561.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21A0001321
- ЭКБ идентификаторы
- 155469
- Редакция идентификаторы
- 155469_615561
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:27
0 Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 7-1) тармақшасына және 62-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2
2. «Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 107-105 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1202 болып тіркелген, 2019 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы оның ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 23 сәуірдегі
№ 107-1402 қаулысына
қосымша
Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№
Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Бір тәрбиеленушіге бір айға ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) (арнайы мектепке дейінгі ұйымдар мен түзету топтарын қоспағанда)
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілер саны
Мектепке дейінгі ұйымдарда бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге)
Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым
Жеке мектепке дейінгі ұйым
Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым жанындағы мектепке дейінгі шағын орталық
Мектепке дейінгі ұйымдағы жалпы дамыту топтары
Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым жанындағы мектепке дейінгі шағын орталық
Санаториялық балабақшасы
1. Мектепке дейінгі ұйымдағы түзету және инклюзивті топтары.
2. Астана қаласы әкімдігінің «Көз көру қабілеті бұзылған балаларға арналған «№ 23 «Алтын бесік» балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. Астана қаласы әкімдігінің «№ 64 «Асыл бөбек» арнайы балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
4. Астана қаласы әкімдігінің «№ 96 «Аяла» арнайы балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым;
толық келу күнімен шағын орталық тар
Жеке мектепке дейінгі ұйым
толық күн болатын
жарты күн болатын
толық күн болатын
жарты күн болатын
1
23195
27168
600
4548
41718
31995
18066
62040
91118
16800
20800