Құжат мәтініне өту

Об утверждении Методики формирования ценовой информации, используемой при контроле таможенной стоимости товаров

Бұйрық · № 414 · қабылданған 29.04.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-155484/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Методики формирования ценовой информации, используемой при контроле таможенной стоимости товаров Қолданыста Бұйрық ·№ 414 ·29.04.2021
29.04.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Методики формирования ценовой информации, используемой при контроле таможенной стоимости товаров

Қолданыста Бұйрық ·№ 414 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Методики формирования ценовой информации, используемой при контроле таможенной стоимости товаров
Атауы (қаз.)
Тауарлардың кедендік құнын бақылау кезінде пайдаланылатын бағалық ақпаратты қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
414
Қабылданған күні
29.04.2021
Көрсетілген редакция
29.04.2021 155484_521598.kaz
Соңғы өзгеріс
29.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022669
ЭКБ идентификаторы
155484
Редакция идентификаторы
155484_521598
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:19

0 Тауарлардың кедендік құнын бақылау кезінде пайдаланылатын

бағалық ақпаратты қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 452-бабы 5-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Тауарлардың кедендік құнын бақылау кезінде пайдаланылатын баға ақпаратын қалыптастыру әдістемесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындлуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Тауарлардың кедендік құнын бақылау кезінде пайдаланылатын бағалық ақпаратты қалыптастыру әдістемесі

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 29 сәуірдегі
№ 414
Бұйрыққа қосымша
Тауарлардың кедендік құнын бақылау кезінде пайдаланылатын
бағалық ақпаратты қалыптастыру әдістемесі

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Тауарлардың кедендік құнын бақылау кезінде пайдаланылатын бағалық ақпаратты қалыптастыру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) тауарларға арналған декларациялардың электронды көшірмелерінің деректер базасын пайдалана отырып бағалық ақпаратты қалыптастырудың тәртібін айқындау және әкелінетін тауарлардың кедендік құнын бақылауды жүзеге асыру кезінде оны аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қолдануы мақсатында әзірленді.

2 2. Бағалық ақпарат кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сомасының мөлшерін есептеу кезінде, сондай-ақ тауарлардың кедендік құнын түзету кезінде пайдаланылады.

3 3. Бағалық ақпарат құпия ақпарат болып табылмайды және тәуекел индикаторларының жаңартылуына қарай айына 1 (бір) рет Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында жарияланады.

2 2-тарау. Тауарлардың кедендік құнын бақылау кезінде пайдаланылатын бағалық ақпаратты қалыптастыру тәртібі

4

4. Бағалық ақпарат Қазақстан Республикасының тауарларға арналған декларация (бұдан әрі – ТД) электронды көшірмелерінің деректер базасын және Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттер арасында ақпарат алмасу шеңберінде жолданатын ТД электрондық көшірмелерінің деректер базасын талдау негізінде қалыптастырылады.

5 5. Бағалық ақпаратты қалыптастыру кезінде мынадай мәліметтер:

1 1) ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімі;

2 2) Еуразиялық экономикалық одақтық Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) сәйкес тауардың он таңбалы коды;

3 3) шығарылған елі;

4 4) тауарды әкелу көлемі;

5 5) тауарды әкелу күні;

6 6) тәуекел тауарларды іріктеу индикаторы ретінде пайдаланылатын 1 (бір) килограмм немесе 1 (бір) қосымша бірлігі үшін Америка Құрама Штаты (бұдан әрі – АҚШ) долларындағы тауарлардың кедендік құнының мәні (бұдан әрі – тәуекелдің құндық индикаторы);

7 7) кедендік құнды айқындау әдісі – «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 66-бабына сәйкес әкелінетін тауарлармен жасалған мәміле құны бойынша әдіс (1-әдіс);

8 8) моделі, маркасы (болған кезде);

9 9) тауар белгісі (болған кезде);

10 10) маусымдылығы (ЕАЭО СЭҚ ТН 07 (көкөністер) – 08 (жемістер) тауар топтары бойынша);

11 11) шекарадағы көлік түрі пайдаланылады.

6 6. Қалыптастырылған бағалық ақпарат:

1 1) ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауардың он таңбалы кодын;

2 2) шығарылған елін;

3 3) тауардың сипаттамасын;

4 4) 1 (бір) килограмм немесе 1 (бір) қосымша бірлігі үшін Америка Құрама Штаты (бұдан әрі – АҚШ) долларындағы тауардың кедендік құнының мәнін (бұдан әрі – кедендік құн индексі);

5 5) ақпарат көзін қамтиды.

Қалыптастырылған бағалық ақпарат ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында ақпарат алмасу шеңберінде жолданатын ТД электрондық көшірмелерінің деректер базасынан алынатын мәліметтерді көрсетпейді.

7 7. Тауарлардың кедендік құнын бақылау кезінде пайдаланылатын бағалық ақпаратты қалыптастыру үшін ТД электрондық көшірмелерінің деректер базасынан бағалық ақпаратты қалыптастырған күнге дейінгі 12 (он екі) айдан ерте емес кезеңде әкелінген ТД таңдалады.

Алынған массивтен ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары және олар бойынша тәуекелдің құндық индикаторлары белгіленген шығарылған елдер бөлігіндегі ТД таңдалады.

8 8. Егер массив ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары және шығарылған елдері бөлігінде бірнеше мәмілелер туралы мәліметтерді қамтыған жағдайда, тәуекелдің құндық индикаторының мәнінен 20 % аспайтын кедендік құн индексінің ең төменгі мәні бар мәмілелер іріктеледі.

Қолданыстағы