Құжат мәтініне өту

О переименовании улиц села Глуховка, Белокаменка, Жыланды, Стеклянка Глуховского сельского округа Бескарагайского района

Өзге акт · № 3 · қабылданған 23.04.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-155532/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О переименовании улиц села Глуховка, Белокаменка, Жыланды, Стеклянка Глуховского сельского округа Бескарагайского района Қолданыста Өзге акт ·№ 3 ·23.04.2021
23.04.2021 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О переименовании улиц села Глуховка, Белокаменка, Жыланды, Стеклянка Глуховского сельского округа Бескарагайского района

Қолданыста Өзге акт ·№ 3 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О переименовании улиц села Глуховка, Белокаменка, Жыланды, Стеклянка Глуховского сельского округа Бескарагайского района
Атауы (қаз.)
Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округінің Глуховка, Белокаменка, Жыланды, Стеклянка ауылдарының көшелерін қайта атау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
3
Қабылданған күні
23.04.2021
Көрсетілген редакция
23.04.2021 155532_527500.kaz
Соңғы өзгеріс
23.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21VGD08685
ЭКБ идентификаторы
155532
Редакция идентификаторы
155532_527500
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:27

0 Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округінің Глуховка, Белокаменка, Жыланды, Стеклянка ауылдарының көшелерін қайта атау туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 35–бабы 2–тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14–бабы 4) тармақшасына, 2020 жылғы 28 желтоқсандағы Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысына сәйкес және Глуховка, Белокаменка, Жыланды, Стеклянка ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып, Глуховка ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:

1 1. Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округінің Глуховка ауылындағы көшелерінің атауы:

1 1) «60 лет ВЛКСМ» көшесі «Еңбекші» көшесіне;

2 2) «Целинная» көшесі «Бастау» көшесіне;

3 3) «Пионерская» көшесі «Шоқан Уалиханов» көшесіне;

4 4) «Октябрьская» көшесі «Береке» көшесіне;

5 5) «Советская» көшесі «Жаңғыру» көшесіне;

6 6) «Свердлов» көшесі «Ақниет» көшесіне.

2 2. Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округінің Стеклянка ауылындағы көшенің атауы «Революция» көшесі «Мереке» көшесіне.

3 3. Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округінің Белокаменка ауылындағы көшелерінің атауы:

1 1) «60 лет Октября» көшесі «Ертіс» көшесіне;

2 2) «Ленина» көшесі «Ұлы Дала» көшесіне.

4 4. Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округінің Жыланды ауылындағы көшелерінің атауы:

1 1) «Ленина» көшесі «Достық» көшесіне;

2 2) «Советская» көшесі «Болашақ» көшесіне болып қайта аталсын.

5 5. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде Бесқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануы үшін олардың көшірмелерінің жіберілуін;

3 3) осы шешімнің оның ресми жарияланғанынан кейін Бесқарағай ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

6 6. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

7 7. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы