Құжат мәтініне өту

Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов

Өзге акт · № 59 · қабылданған 21.04.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-155580/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов Қолданыста Өзге акт ·№ 59 ·21.04.2021
31.03.2023 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов

Қолданыста Өзге акт ·№ 59 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов
Атауы (қаз.)
Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін анықтау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
59
Қабылданған күні
21.04.2021
Көрсетілген редакция
31.03.2023 155580_624293.kaz
Соңғы өзгеріс
31.03.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21KO006325
ЭКБ идентификаторы
155580
Редакция идентификаторы
155580_624293
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:32

0 Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және

алушылар санатының тізбесін анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1 бабының 2 тармақшасына, 68 бабының 3), 9), 11) тармақшаларына, «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 тіркелген) сәйкес, Осакаров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесі 1, 2 қосымшаларға сәйкес анықталсын.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Осакаров аудандық мәслихатының заңдылығы мен азаматтардың құқықтары жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына жүктелсін.

3 3. «Осакаров аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Қ. Төлеуов) осы шешімнің Қарағанды облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, бұқаралық ақпарат құралдарында және Осакаров ауданы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері

2021 жылғы 21 сәуірдегі №59
Осакаров аудандық
маслихатының шешіміне
1 қосымша
Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері

1 1. Қарыз сомасының 10%, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

2 2. Қарыз сомасының 10%, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

1 Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі

2021 жылғы 21 сәуірдегі №59
Осакаров аудандық
маслихатының шешіміне
2 қосымша
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі

Атауы
1.
Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар.
2.
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар.
3.
Толық емес отбасылар.
4.
Білім беру мекемелеріндегі мұғалімдер;
денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналық мамандар;
арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қатысатын әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлері;
мадениет және спорт ұйымдарының профильдік қызметкерлер.

Қолданыстағы