Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
- Атауы (қаз.)
- Азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 159
- Қабылданған күні
- 08.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 26.09.2023 155595_679331.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21VO008691
- ЭКБ идентификаторы
- 155595
- Редакция идентификаторы
- 155595_679331
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:45
0 Азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 18 бабының 2) тармақшасына, 139 бабының 9 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес,азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
2. «Көкпекті ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Көкпекті ауданының аумағында таратылатын мерзімдік басылымдарға ресми жариялау үшін жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Көкпекті ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Жаслан Талгатович Майкеневке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Көкпекті аудандық
мәслихатының хатшысы
___________ Т. Сарманов
«___» __________ 2021 жыл
8 Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Көкпекті ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Көкпекті ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 8 сәуірдегі
№ 159 қаулысына
1 қосымша
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Көкпекті ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы мен басшының орынбасары, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі және күндіз келу бөлімінің меңгерушісі.
2. Мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтар дәрігерлері, емдеу-дене шынықтыру кабинетінің нұсқаушысы, диеталық мейіргер, фельдшер, кітапханашы, әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші, медициналық бике, психолог, әлеуметтік жұмыс бойынша маман, жұмыспен қамту орталығы (қызметі) құрылымдық бөлімшесінің (бөлімінің, секторының, тобының) маманы, күтім көрсету бойынша әлеуметтік қызметші, жұмыспен қамту орталығының ассистенті.
3. Педагогикалық қызметшілер және соларға теңестірілген тұлғалар, оның ішінде: барлық мамандықтар мұғалімдері, мұғалім-дефектолог, тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі, еңбек терапиясы бойынша нұсқаушы, әдіскер, музыкалық жетекші, педагог - психолог.
12 Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Көкпекті ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Көкпекті ауданы әкімдігінің
2021 жылғы «__» ____________
№ _____ қаулысына
2 қосымша
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Көкпекті ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі