Об утверждении Правил предоставления субъектам малого предпринимательства в аренду или доверительное управление с правом последующей передачи в собственность неиспользуемых объектов собственности Күшін жойған
Басқа 0
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне пайдаланылмай тұрған коммуналдық меншіктегі объектілерді кейін меншікке беру құқығымен жалға
немесе сенімді басқаруға берудің ережесін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 12.11.2009 № 394 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне пайдаланылмай тұрған коммуналдық меншіктегі объектілерді кейін меншікке беру құқығымен жалға немесе сенімді басқаруға берудің ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қостанай облысы әкімінің 2000 жылғы 24 қаңтардағы № 14 «Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне пайдаланылмай тұрған коммуналдық
меншіктегі объектілерді кейін меншікке беру құқығымен жалға немесе
сенімді басқаруға берудің тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» шешімінің тіркеу № 219) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай облысы әкімінің орынбасары С.А. Құламбаевқа жүктелсін.
Басқа 4. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне пайдаланылмай тұрған коммуналдык меншіктегі объектілерді кейін меншікке беру құқығымен жалға немесе сенімді
басқаруға берудің ережесі
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімиятының
2003 жылғы 24 қаңтардағы
№ 13 қаулысымен бекітілген
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне пайдаланылмай тұрған коммуналдык меншіктегі объектілерді кейін меншікке беру құқығымен жалға немесе сенімді
басқаруға берудің ережесі
Осы Ержелер Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңына әзірленген және өндірістік іс-әрекеті және/немесе қызметтерді үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне пайдаланылмай тұрған коммуналдық меншіктегі объектілерді кейін меншікке беру құқығымен жалға немесе сенімді басқаруға берудің тәртібін анықтайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне пайдаланылмай тұрған коммуналдық меншіктегі объектілерді кейін меншікке беру құқығымен жалға немесе сенімді басқаруға беру Қостанай облысының әкімімен иеленуге,
пайдалануға және басшылық жасауға уәкілетті мемлекеттік органымен жүзеге асырылады (бұдан әрі - Департамент).
Тармақ 2
2. Кейін меншікке беру құқығымен жалға немесе сенімді басқаруға берудің мерзімі бір жылды құрайды.
Тарау 2. 2. Өтінімдерді ұсыну тәртібі
2. Өтінімдерді ұсыну тәртібі
Тармақ 3
3. Пайдаланылмай тұрған объектіні кейін меншікке беру құқығымен немесе сенімді басқаруға алу үшін шағын кәсіпкерлік субъекітісі
департаментке түсу уақыты мен күні көрсетілуімен тіркелуге жататын еркін түрде құрастырылған сәйкес өтінімді береді.
Тармақ 4
4. Пайдаланылмайтын объектісі коммуналдық меншікке жатқан, сондай-ақ объектіге қатысты мемлекеттік меншік құқығы функциясын атқаратын ораганның кейін меншікке беру құқығымен жалға немесе сенімді басқаруға келіскен жағдайда, шағын кәсіпкерлік субъектісі төмендегі
көрсетілген құжаттар пакетін Департаментке ұсынады:
Тармақша 1
1) жеке тұлғалар:
1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді;
жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттың көшірмесін;
салықтөлеуші ретінде тіркелуін растайтын көшірмесін;
объектіні пайдалану бойынша ұсыныстарды (бизнес-жоспар).
Тармақша 2
2) заңды тұлғалар:
2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;
занды тұлғаның мемлекеттік тіркеу куәлігі мен жарғысының көшірмесін;
салықтөлеуші ретінде тіркелуін растайтын көшірмесін;
объектіні пайдалану бойынша ұсыныстарды (бизнес-жоспар);
заңды тұлғаның шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататының растайтын құжаттарды.
Тармақ 5
5. Егер бір объектіге шағын кәсіпкерліктің бірнеше субъектісінен түссе, онда белгіленген ретімен бірінші өтініш берген кәсіпкердің қатынастары қаралады. Алдыңғы кезектілігі Департаментте тіркелген өтініштің мерзімі мен уақытына сай анықталады.
Тарау 3. 3. Тұрақты жұмыс жасайтын комиссияны құру тәртібі және қызметі
3. Тұрақты жұмыс жасайтын комиссияны құру тәртібі және қызметі
Тармақ 6
6. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің отінішін қарастыру және олармен жалға алу немесе сенімді басқаруға берудің келісім-шартын тиісті түрде орындауына бақылау жасау үшін Департаментте сәйкес жергілікті атқарушы органдарының өкілдерімен бірге тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамына төраға, төрағаның орынбасары және комиссия мүшелері кіреді. Комиссия мүшелерінің жалпы саны жұп емес санынан тұрады және үш адамнан кем емес болу керек. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі бола алмайды және комиссиямен шешім қабылданған кезде оның дауысының құқығы жоқ.
Комиссияның төрағасы болып, оның қызметін басқаратын, комиссия отырыстарында төрешілік жасайтын, жұмысты жоспарлайтын және оның орындауына жалпы бақылауды жүзеге асыратын, Департаменттің бірінші басшысы орынбасарынан төмен емес тұлға табылады. Торағасының жоқ болу уақытында оның қызметін комиссия төрағасының орынбасары атқарады.
Комиссия хатшысы өтініш берушілермен алдын ала жұмысты өткізеді, комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды дайындайды оны өткізгеннен кейін отырыс хаттамасын ресімдейді.
Тармақ 7
7. Комиссия отырысы комиссия құрамының жалпы санынының кем емес жартысы қатысқан жағдайда өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы немесе оның жоқ болған кезде төраға орынбасары дауыс берген шешімі қабылданылды деп есептеледі.
Тарау 4. 4. Объектілерді беру және пайдалану тәртібі
4. Объектілерді беру және пайдалану тәртібі
Тармақ 8
8. Шағын кәсіпкерлік субъектісінен өтінім түскен сәтінен бастап 10 жұмыс күн ішінде комиссия келесіні жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) сұратылған объектісіне тексеру өткізеді, қараудың нөтижесі бойынша комиссиямен, балансұстаушымен және кәсіпкермен қол қойылған
тексеру актісін құрастырады.
Тармақша 2
2) төмендегі көрсетілген критерияларды есепке ала отырып, ұсынылған материалдарды қарастырады:
Ереженің 4-тармағына сәйкес өтінім берушінің толық құжаттама пакетінің бар болуын;
объектіні өндірістік мақсат және/немесе қызмет көрсету үшін пайдалану, айрықша ретінде сауда-сатып алу (делдалдық) қызметін;
қолданылып жүрген жалгерлік қатынастардың жоқ болуын;
объектіге қатысты басқа ауыртпалықтың жоқ болуын;
жекешелендіруге жататын объектілер тізбесінде жоқ болуын.
Тармақ 9
9. Кәсіпкердің ұсынған құжаттарын қарастыру нәтижесі хаттамамен ресімделеді. Келісім-шартты жасаудан бас тартқан жағдайда Департамент кәсіпкерге бас тарту себебін көрсетумен жазбаша хабарландыру жібереді. Департамент және шағын кәсіпкерлік субъектісі арасында мәселе оңынан жағдайда, кейін меншікке беру құқығымен жалға немесе сенімді басқаруға берудің келісім-шарты жасалады.
Тармақ 10
10. Кейін меншікке беру құқығымен жалға немесе сенімді басқаруға келісім-шарты жасалғаннан кейін, балансұстаушы кәсіпкердің
қызметіне қатысуына және объектіні пайдалануға және иеленуге кедергі құқылы емес.
Тармақ 11
11. Балансұстаушы мен кәсіпкердің арасындағы дау мәселелер департаментпен шешіледі. Департаменттің шешімімен бір жақтың келіспеу
жағдайында ол жақ сотқа шағым бере алалады.
Тармақ 12
12. Кейін меншікке беру құқығымен жалға немесе сенімді басқаруға берудің келісім-шарттың шарттарын орындауына бақылау жасауды комиссия сенімді басқару немесе жалға берудің мерзімі ішінде екі реттен кем есес жүзеге асырады (мерзімнің ортасында және аяғында).
Тармақ 13
13. Кәсіпкермен келісім-шарттық міндеттемелерді орындамау жағдайда оның бұзылуы қорытынды келісім - шартында қарастырылады.
Тармақ 14
14. Бұзылған келісім-шарттар бойынша объектілер балансұстаушыға қайтарылады.
Тармақ 15
15. Кейін меншікке беру құқығымен жалға немесе сенімді басқаруға беру келісім-шарттың шарттарын кәсіпкермен тиісінше орындау жағдайда объект оның меншігіне өтеусіз беріледі.
Тармақ 16
16. Кәсіпкердің меншігіне мүлікті өтеусіз беру келісім — шартың жасағаннан кейін, балансұстаушы Департаментпен бекітілген қабылдау-тапсыру актісі бойынша объектіні тапсырады.
Тармақ 17
17. Кәсіпкердің меншік құқығына енуінің занды ресімделуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте жүргізіледі.
Тарау 5. 5. Қорытынды ережелер
5. Қорытынды ережелер
Тармақ 18
18. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әділет органында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 32
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне пайдаланылмай тұрған коммуналдық меншіктегі объектілерді кейін меншікке беру құқығымен жалға немесе сенімді басқаруға берудің ережесіне
1-қосымша
_____________________________
(өтінім берілетін мемлекеттік
_____________________________
органның атауы)
_____________________________
_____________________________
(басшының Т.А.Ә.)
_____________________________
(өтінім берген жеке тұлғаның
_____________________________
толық атауы)
Жалға немесе сенімді басқаруға беруге
ӨТІНІМ
(жеке тұлғамен толтырылады)
1. _______________________________________________________________________ мекен-жайы
__________________________________________________________________ бойынша орналасқан
(балансұстаушының атауы)
__________________________________________________________ балансында болып табылатын
_____________________________________________________________________________________
пайдаланылмаған коммуналдық меншіктегі объектісімен таныса отырып мен _______________
_____________________________________________________________________________________
осы өтінімге қоса беріліп отырған менің ұсыныстарыма сәйкес пайдалану үшін аталған
объектінің жалдау (сенімді басқару) келісім-шартын жасауға
(керектінің асты сызылсын)
келісемін.
2. Егер менің ұсыныстарым қабылданған жағдайда, осындай шешім қабылданған сәтінен
бастап, 2-күннен аспайтын мерзімде келісім-шарт жасауға міндеттеме аламын.
3. Өтінімнің қаралу нәтижелері туралы шешімді мына мекен-жайға салуға өтінемін: ____
____________________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның заңды мекен-жайы)
4. Осы өтінімге келесі құжаттар қоса беріліп отыр:
____________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________
Қолы ________________ Қабылданды: «___» ______ 200__ ж.
«___» ______ 200__ ж. Қолы ____________________________
P.S. Келісім-шартқа қол қойылғанға дейін, менің ұсыныстарымның қабылданғандығы туралы
Сіздің жазбаша хабарыңыз бар осы өтінім тараптар арасындағы шарттық күші бар құжат
болып есептеледі.
Басқа 33
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне пайдаланылмай тұрған коммуналдық меншіктегі объектілерді кейін меншікке беру құқығымен жалға немесе сенімді басқаруға берудің ережесіне
2-қосымша
_______________________________
(өтінім берілетін мемлекеттік
_______________________________
органның атауы)
_______________________________
_______________________________
(басшының Т.А.Ә.)
_______________________________
(өтінім берген заңды тұлғаның
_______________________________
толық атауы)
Жалға немесе сенімді басқаруға беруге
ӨТІНІМ
(заңды тұлғамен толтырылады)
Кімнен ________________________________________________________________________________
(өтінім берген заңды тұлғаның толық атауы)
1. _________________________________________________________________________ мекен-жайы
бойынша орналасқан ____________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
(балансұстаушының атауы)
балансында болып табылатын ____________________________________________________________
коммуналдық меншіктегі объектісімен таныса отырып, өтінімге қол қоюға уәкілетті қол
қоюшы, осы өтінімге қоса беріліп отырған ұсыныстарға сәйкес пайдалану үшін аталған
объектінің жалдау (сенімді басқару) келісім-шартын
(керектінің асты сызылсын)
келісемін.
2. Егер біздің ұсыныстарымыз қабылданған жағдайда, осындай шешім қабылданған сәтінен
бастап, 2-күннен аспайтын мерзімде келісім-шарт жасауға міндеттеме аламыз.
3. Біздің өтініміздердің қаралу нәтижелері туралы шешімді мына мекен-жайға салуға
өтінеміз: ____________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның занды мекен-жайы)
4. Осы өтінімге келесі құжаттар қоса беріліп отыр:
______________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________ үшін
(заңды тұлғаның атауы)
______________________________________________________________________________________
(уәкілетті тұлғалардың лауазымы, Т.А.Ә.)
Қолы ___________________ Қабылданды: «__» __________ 200_ ж.
«__» ___________ 200_ ж. Қолы ______________________________
P.S. Келісім-шартқа қол қойылғанға дейін, менің ұсыныстарымның қабылданғандығы туралы
Сіздің жазбаша хабарыңыз бар осы өтінім тараптар арсындағы шарттық күші бар қүжат болып
есептеледі.