О признании утратившими силу некоторых совместных приказов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых совместных приказов
- Атауы (қаз.)
- Кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 51
- Қабылданған күні
- 01.07.2020
- Көрсетілген редакция
- 01.07.2020 155613_523189.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000022696
- ЭКБ идентификаторы
- 155613
- Редакция идентификаторы
- 155613_523189
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:44
0 Кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1 1. Мыналар:
1
1) «Су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 133-НҚ және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 263 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5216 болып тіркелген, 2008 жылғы 15 тамыздағы № 8 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған);
2
2) «Су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 133-НҚ және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 263 бірлескен бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 584 және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 19-1/714 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11869 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.