Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил ведения реестров единой нотариальной информационной системы

Бұйрық · № 356 · қабылданған 30.04.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-155619/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил ведения реестров единой нотариальной информационной системы Қолданыста Бұйрық ·№ 356 ·30.04.2021
30.04.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил ведения реестров единой нотариальной информационной системы

Қолданыста Бұйрық ·№ 356 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил ведения реестров единой нотариальной информационной системы
Атауы (қаз.)
Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің тізілімдерін жүргізу ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
356
Қабылданған күні
30.04.2021
Көрсетілген редакция
30.04.2021 155619_541781.kaz
Соңғы өзгеріс
30.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022701
ЭКБ идентификаторы
155619
Редакция идентификаторы
155619_541781
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:16

0 Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің тізілімдерін

жүргізу ережесін бекіту туралы
«Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-2-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің тізілімдерін жүргізу ережесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
_________________________

0 Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің тізілімдерін жүргізу ережесі

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2021 жылғы 30 сәуірдегі
№ 356 Бұйрығына 1-қосымша
Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің
тізілімдерін жүргізу ережесі

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің тізілімдерін жүргізу ережесі  (бұдан әрі - Ереже) «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 4-2-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.

2

2. Ереже бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің (бұдан әрі – БНАЖ) тізілімдерін жүргізуге қойылатын бірыңғай талаптарды белгілейді және нотариаттық іс – әрекеттердің электрондық тізіліміне, мұрагерлік істер тізіліміне, өсиеттерді есепке алу тізіліміне (бұдан әрі-БНАЖ электрондық тізілімдері) қолданылады.

3 3. БНАЖ электрондық тізілімдерін жүргізу оларға мәліметтер енгізуді, электрондық тізілімдерге енгізілген мәліметтерге қатысты нотариаттық құпияны қамтамасыз етуді, осы тізілімдерден мәліметтер беруді қамтиды.

4 4. Нотариаттық іс-әрекеттерді БНАЖ электрондық тізілімінде тіркеу мүмкіндігі бұйрық туралы деректерді (бұйрық күні, нөмірі, мерзімі және негіздемесі) енгізу жолымен:

лицензияның қолданылуы тоқтатылған, тоқтатыла тұрған немесе нотариаттық палатаға мүшеліктен шыққан кезде жекеше нотариустар үшін - Республикалық нотариаттық палата;
мемлекеттік нотариус үшін жұмыстан босатылған немесе еңбек демалысында болған кезде бұғатталады.
Жекеше нотариустың БНАЖ электрондық тізілімін Республикалық нотариаттық палата лицензияның қолданылуын қалпына келтіру не нотариаттық палатаның мүшелігін қалпына келтіру не демалыстан жұмысқа шығу туралы өтініш берген кезде бұғаттан шығарады.
Мемлекеттік нотариустың БНАЖ электрондық тізілімін жұмыстан шығу туралы өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бұғаттан шығарады.

6 6. БНАЖ жұмысы тоқтап қалған жағдайда жекеше нотариус осы Ереженің 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша БНАЖ жұмысының мүмкін еместігі туралы акті жасайды.

Жекеше нотариус БНАЖ жұмысының тоқтап қалу себептері жойылған соң нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде жасалған жазбаны БНАЖ жұмысы қалпына келтірілген сәттен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей БНАЖ электрондық тізіліміне ауыстырады.

7

7. БНАЖ электрондық тізілімдеріне енгізілген мәліметтер Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7445 болып тіркелген) «Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережеге» сәйкес үлгілік істер номенклатурасында көзделген мерзімдер ішінде БНАЖ-да сақталуға тиіс.

8 8. Жекеше немесе мемлекеттік нотариустың БНАЖ арқылы мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардан мәліметтерді жеке мақсаты үшін пайдалануына жол берілмейді.

2 2-тарау. Нотариаттық іс – әрекеттердің электрондық тізілімін жүргізу тәртібі

9 9. Заңның 49-бабына сәйкес барлық нотариаттық іс-әрекеттер нотариаттық іс-әрекеттердің электрондық тізілімінде тіркеледі. Әрбір нотариаттық іс-әрекетке реттік нөмір беріледі.

10 10. Нотариуста нотариаттық іс-әрекеттердің бір ғана электрондық тізілімі болады.

11 11. Нотариус жасалған нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтерді нотариаттық іс-әрекеттер жасалғаннан кейін дереу нотариаттық іс-әрекеттердің электрондық тізіліміне енгізеді.

Нотариус нотариаттық іс-әрекет жасау үшін жұмыс орнынан тыс жерге кеткен кезде БНАЖ-ға мәліметтерді нотариус ол қайтып келгеннен кейін дереу енгізеді.

12 12. Нотариаттық іс-әрекетті нотариаттық іс-әрекеттердің электрондық тізілімінде тіркеу ереженің 2-қосымшасына сәйкес мәліметтерді енгізу арқылы жүзеге асырылады.

13 13. Нотариаттық іс-әрекеттердің электрондық тізіліміндегі орфографиялық, грамматикалық немесе техникалық түзетулер өзгертулер мен қателіктер «Ескертпе» бағанында ескертіледі.

Қате енгізілген нотариаттық іс-әрекет нотариаттық іс-әрекеттердің электрондық тізіліміне оны тіркелген кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей жойылады, демалыс және мереке күндерін қоспағанда.

14 14. Нотариус берілген сенімхаттың күшін жою немесе одан бас тарту туралы нотариаттық іс-әрекеттерді электрондық тізіліміне белгі жасайды.

15 15. Нотариус сенімхатты куәландыру жөніндегі нотариаттық іс-әрекеттердің электрондық тізілімінде тіркелген кезде қағаз жеткізгіштегі нотариаттық құжаттың БНАЖ форматындағы электрондық бейнесін (электрондық нұсқасын) қосады немесе біріктіреді.

16 16. Заңды күшіне енген сот шешіміне сәйкес мәміле жарамсыз деп танылған кезде істерінде мәміле сақталатын нотариус бұл туралы нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеудің электрондық тізіліміне белгі жасайды.

3 3-тарау. Мұрагерлік істер тізілімін жүргізу тәртібі

17 17. Нотариустың мұраның ашылғаны туралы куәландыратын өтінішті алуы мұрагерлік істер тізіліміне мәліметтерді енгізу үшін негіз болып табылады (мұраға құқығы туралы куәлікті беру туралы, мұраны қабылдау туралы, мұрадан бас тарту).

18

18. Мұраны ашу туралы куәландырушының өтініші қабылданғанға дейін нотариус мұрагерлік істер тізілімінде мұрагерлік іс бойынша мәліметтердің сәйкес келуін мынадай белгілер бойынша тексереді: мұра қалдырушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қайтыс болған күні. Мұраны ашу туралы өтінішпен жүгінген адамға сәйкестік болған жағдайда мұрагерлік ісі ашылған нотариусқа осындай өтініш беру қажеттігі туралы түсіндіріледі.

19 19. Мұраны ашу туралы мәліметтерді жекеше нотариус тиісті өтініштер келіп түскеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мұрагерлік істер тізіліміне енгізеді.

БНАЖ жұмысы тоқтатылған жағдайда мұраны ашу туралы мәліметтер осы ереженің 6-тармағына сәйкес мұрагерлік істер тізіліміне енгізіледі.

20

20. Мұрагерлік істің нөмірі араб цифрларымен белгіленеді және мұрагерлік істерді есепке алу кітабында тіркелуіне сәйкес берілген мұрагерлік істің реттік нөмірінен және мұрагерлік істі ашу жылынан тұрады: «20/2021, мұнда 20 - мұрагерлік іске байланысты келіп түскен және мұрагерлік істі қалыптастыруға негіз болған алғашқы құжаттың мұрагерлік істерді есепке алу кітабында тіркелуіне сәйкес мұрагерлік істің реттік нөмірі, 2021 - мұрагерлік іс ашылған жыл».

21 21. Мұрагерлік іс бойынша іс жүргізуді бастауға негіздеме болған құжаттан басқа, мұрагерлік істер тізілімінде мұрагерлік іс бойынша келіп түскен барлық өтініштер тіркеледі.

Реттік нөмірі берілген мұрагерлік іске байланысты басқа да өтініштер келіп түскен кезде, олар мұрагерлік істер тізілімінде тіркеледі. Бұл ретте мұрагерлік істер тізілімінде 2-бағанында осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш (құжат) келіп түскен мұрагерлік істің нөмірі қойылады.

4 4-тарау. Өсиеттерді есепке алу тізілімін жүргізу тәртібі

22 22. Жекеше нотариустың өсиетті куәландыруы өсиеттерді есепке алу тізіліміне мәліметтерді енгізу үшін негіз болып табылады.

23 23. Өсиетті куәландыру туралы мәліметтерді жекеше нотариус өсиеттерді есепке алу тізіліміне өсиетті куәландырғаннан кейін дереу ереженің 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша енгізеді.

24 24. Нотариус қабылдаған құпия өсиеттер өсиеттерді есепке алу тізілімінде және нотариаттық іс-әрекеттердің электрондық тізілімінде «құпия» деген белгімен тіркеледі. Құпия өсиет ашылғаннан кейін өсиеттерді есепке алу тізілімінде өсиетті ашу күні туралы белгі қойылады.

25 25. Өсиеттің күші жойылған немесе өзгертілген жағдайда нотариус өсиеттерді есепке алу тізілімінде және нотариаттық іс-әрекеттердің электрондық тізілімінде өсиеттің күшін жою немесе өзгерту туралы белгі жасайды.

5 5-тарау. Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер беру

26 26. Нотариус Заңның 3-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда жасаған нотариаттық іс-әрекеттері туралы нотариаттық іс-әрекеттердің электрондық тізілімінен мәліметтерді № 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нотариаттық іс-әрекеттердің электрондық тізілімінен үзінді түрінде ұсынады.

27 27. Нотариус нотариаттық іс-әрекет жасау немесе нотариаттық құжаттың жарамдылығын тексеру үшін қажетті нотариаттық іс-әрекеттердің электрондық тізілімінде қамтылған мәліметтерді БНАЖ арқылы берілген сұрау салу бойынша алады.

Нотариусқа қажетті мәліметтер автоматтандырылған режимде БНАЖ құралдарын пайдалана отырып, БНАЖ арқылы нотариус берген сұрау салу бойынша, сұрау салуда жасалған нотариаттық іс-әрекет туралы мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып, оның ішінде:
нотариаттық іс-әрекеттердің электрондық тізілімінде нотариаттық іс-әрекеттің тіркеу нөмірі;
нотариаттық іс-әрекет жасалған күндер;
нотариаттық іс-әрекет түрі;
нотариаттық іс-әрекет жасаған адам туралы мәліметтер;
нотариаттық түрде ресімделген құжаттың электрондық бейнесін ұсыну қажеттілігі туралы белгілер Ереженің 15-тармағында көзделген жағдайлар ұсынылады.

1 Бірыңғай нотариаттық

ақпараттық жүйенің
тізілімдерін жүргізу тәртібіне
1-қосымша
_________________________________________________________________
мемлекеттік нотариустың тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), нотариаттық
кеңсенің атауы, жекеше нотариустың тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), лицензияның күні мен нөмірі
Күні ___________________
___________________________________________
(жасалған күні)
Мен, (жекеше немесе мемлекеттік) нотариус (тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)),
________________________________________________ себебі бойынша
БНАЖ
жұмысының мүмкін еместігі туралы осы актіні жасадым.
(БНАЖ жұмысының мүмкін еместігі себебін көрсету)
БНАЖ жұмысының тоқтаған уақыты 20 __ ж. «___» ________ уақыты сағат «__» ____ минут
БНАЖ жұмысының басталуы 20 __ ж. «___»____уақыты сағат «__»__ минут
Жасаған
Нотариус:
_________________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), жекеше немесе мемлекеттік нотариустың қолы)

2 Бірыңғай нотариаттық

ақпараттық жүйенің
тізілімдерін жүргізу
тәртібіне 2-қосымша
нысан
БНАЖ электрондық тізілімі
Но­та­ри­устың БНАЖ-да­ғы нө­мі­рі және БНАЖ ті­зі­лі­мі­нің рет­тік нө­мі­рі
Но­та­ри­ат­тық іс-әре­кет­тер­ді тір­ке­ген кү­ні
Но­та­ри­ат­тық іс-әре­кет­тер­ді нақ­ты жа­са­ған кү­ні
Аты-жө­ні, но­та­ри­ат­тық іс-әре­кет жа­са­лын­ған заң­ды тұл­ға­ның ата­уы ЖСН, БСН
Қа­ты­су­шы­лар­дың же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­та­ры
Жал­пы со­ма алын­ды
Мәр­те­бе­сі
Но­та­ри­ат­тық іс-әре­кет­тің маз­мұ­ны
Ес­керт­пе
Әре­кет­тің тү­рі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
📌 Ескертпе. Жекеше немесе мемлекеттік нотариус: 2-бағанда нотариустың нотариаттық іс-әрекетті тіркеу тізіліміне сәйкес нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеген күнін көрсетеді;
3-бағанда БНАЖ электрондық тізілімін толтырған күнін көрсетеді.

3 Бірыңғай нотариаттық

ақпараттық жүйенің
тізілімдерін жүргізу
тәртібіне
3-қосымша
нысан
Ке­ліп түс­кен құ­жат­тың р/б №
Мұ­ра­гер­лік іс­тің нө­мі­рі
Құ­жат­тың ке­ліп түс­кен кү­ні
Мұ­ра бе­ру­ші­нің­ те­гі, аты және әке­сі­нің аты (бар бол­са)
Мұ­ра бе­ру­ші­нің­ қай­тыс болған кү­ні
Өті­ніш бе­ру­ші­нің те­гі, аты және әке­сі­нің аты (бар бол­са)
Мұ­ра­ға құқы­ғы ту­ра­лы ку­ә­лік­тің бе­рі­л­ген кү­ні мен ті­зі­лім нө­мі­рі
Ес­керт­пе
1
2
3
4
5
6
7
8
Бағандарды толтыру үлгісі
Түсіндірме
1- бағандға мұрагерлік іс тізілімін толтырған күні жазылады.
мұрагерлік іске байланысты келіп түскен барлық өтініштердің реттік нөмірлері жазылады.
2-бағанда іс бойынша іс жүргізуді бастау үшін негіз болған нақты мұрагерлік іс бойынша келіп түскен бірінші өтініш ғана тіркеледі. Тіркеу мұрагерлік істің реттік (тіркеу) нөмірі болып табылатын реттік нөмір қою арқылы жүргізіледі.
3-бағанда өтініштің түскен күні көрсетіледі.
4-бағанда мұрагер туралы деректер көрсетіледі: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).
5-бағанда мұрагердің қайтыс болған күні.
6-бағанда мұрагер туралы мәлімет: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).
Егер мұрагерлік іс бойынша іс жүргізуді бастау үшін негіз болған құжатты нотариус өкіл арқылы алса, бұл бағанда қатар, құжаттарды нотариусқа мұрагердің атынан тікелей берген заңды немесе уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.
7-бағанда мұраға құқығы туралы куәліктің берілген күні.

4 Өсиеттерді есепке алу тізілімі

Бірыңғай нотариаттық
ақпараттық жүйенің
тізілімдерін жүргізу
тәртібіне
4-қосымша
нысан
Өсиеттерді есепке алу тізілімі
Өсиет етушінің аты-жөні
Өсиет етушінің туған күні
Өсиеттерді куәландырған күні
тізілім номері
Өсиетті жою туралы белгі
Нотариус
1
2
3
4
5
6

5 Бірыңғай нотариаттық

ақпараттық жүйенің
тізілімдерін жүргізу
тәртібіне
5-қосымша
нысан
Нотариус жасаған нотариаттық іс-әрекеттер (нотариаттық іс-әрекеттер) туралы мәліметтерді қамтитын бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің нотариаттық іс-әрекеттерінің электрондық тізілімінен көшірме
_____________________________________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) (жекеше нотариусқа мемлекеттік лицензия берген орган және нөмірі, берілген күні, жекеше нотариустың нотариаттық округының атауы
Ті­зі­лім но­ме­рі
Ір­кеу тү­ні
Нақ­ты жа­сал­ған кү­ні
Аты-жө­ні, но­та­ри­ат­тық іс-әре­кет жа­са­лын­ған заң­ды тұл­ға­ның ата­уы ЖСН, БСН
Қа­ты­су­шы­лар­дың же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­та­ры
өн­ді­ріл­ді
мәр­те­бе­сі
Но­та­ри­ат­тық іс-әре­кет­тің маз­мұ­ны
Ес­керт­пе
Әре­кет тү­рі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10

Қолданыстағы