О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 01-1491
- Қабылданған күні
- 28.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 28.04.2021 155622_523111.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21A0001322
- ЭКБ идентификаторы
- 155622
- Редакция идентификаторы
- 155622_523111
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:21
0 Әкімдіктің кейбір қаулыларының
күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 37-бабының 1-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңы 1-бабы 31-тармағының 16) тармақшасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. «Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
3 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4 4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде әділет органдарына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау «Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Р.Е. Исақұловқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Әкімдіктің күшін жойған кейбір қаулылардың тізбесі
Әкім
2021 жылғы 28 сәуірдегі
№ 01-1491 қаулысына
қосымша
Әкімдіктің күшін жойған кейбір қаулылардың тізбесі
1
1. «Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» әкімдіктің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 06-2420 қаулысы (Астана қаласының Әділет департаментінде № 1001 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 11 ақпандағы № 16 (3368) «Астана ақшамы», № 16 (3386) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).
2
2. «Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» әкімдіктің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 06-2420 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 06-669 қаулысы (Астана қаласының Әділет департаментінде № 1014 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 14 мамырдағы № 54 (3406) «Астана ақшамы», № 54 (3424) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).
3
3. «Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» әкімдіктің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 06-2420 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 тамыздағы № 08-1458 қаулысы (Астана қаласының Әділет департаментінде № 1049 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 тамыздағы № 99 (3451) «Астана ақшамы», № 99 (3469) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).
4
4. «Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» әкімдіктің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 06-2420 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 08-2576 қаулысы (Астана қаласының Әділет департаментінде № 1085 болып тіркелген, 2017 жылғы 7 қаңтардағы № 2 (3507) «Астана ақшамы», № 2 (3525) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).
5
5. «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 2-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 3-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi бiлiктiлiк санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» әкімдіктің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 112-1470 қаулысы (Астана қаласының Әділет департаментінде № 1058 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде; 2016 жылғы 17 қыркүйектегі № 108 (3460) «Астана ақшамы», № 108 (3478) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).