Құжат мәтініне өту

Об установлении водоохранных зон, полос и режима их хозяйственного использования на участке реки Байконыр Карагандинской области

Қаулы · № 29/03 · қабылданған 23.04.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-155637/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
Об установлении водоохранных зон, полос и режима их хозяйственного использования на участке реки Байконыр Карагандинской области Күшін жойған Қаулы ·№ 29/03 ·23.04.2021
04.10.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении водоохранных зон, полос и режима их хозяйственного использования на участке реки Байконыр Карагандинской области

Күшін жойған Қаулы ·№ 29/03 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении водоохранных зон, полос и режима их хозяйственного использования на участке реки Байконыр Карагандинской области
Атауы (қаз.)
Қарағанды облысы Байқоңыр өзенінің учаскесінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
29/03
Қабылданған күні
23.04.2021
Көрсетілген редакция
04.10.2024 155637_727315.kaz
Соңғы өзгеріс
04.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21K0006327
ЭКБ идентификаторы
155637
Редакция идентификаторы
155637_727315
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:28

0 Қарағанды облысы Байқоңыр өзенінің учаскесінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Су кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Комкон» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін әзірленген Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Байқоңыр алаңының аумағында орналасқан Байқоңыр өзенінің учаскесіне су қорғау аймағы мен белдеуін белгілеу» бекітілген жобасына сәйкес Қарағанды облысы Байқоңыр өзенінің учаскесінде су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленсін.

2 2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген су объектісінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше шарттары қосымшаға сәйкес белгіленсін.

3

3. Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімдігі, «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы», «Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы», «Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемелері, мемлекеттік уәкілетті органдар өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4 4. «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

6 6. Қарағанды облысы әкімдігінің «Қарағанды облысы Байқоңыр өзенінің учаскесінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулысы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігінің
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитетінің төрағасы
_______________ А.С. Есмағамбетова
«____» _____________
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі
Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы»
республикалық мемлекеттік мекемесінің
басшысы ________________ В.С. Мұхамеджанов
«_____» ______________

0 Су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылыққа пайдалану режимі және ерекше шарттары

Қарағанды облысы
әкімдігінің
2021 жылғы 23
сәуірдегі
№ 29/03
қаулысына қосымша
Су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылыққа пайдалану режимі және ерекше шарттары

1 1. Су қорғау аймақтары шегінде жол берілмейді:

1 1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

2

2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

3

3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

4 4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

5 5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

6 6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

7 7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға жол берілмейді.

Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.

2 2. Су қорғау белдеулері шегінде жол берілмейді:

1 1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

2

2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға. Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 125-бабының 7-тармағымен және 145-1 бабымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады;

3 3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

4 4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

5 5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

6 6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

7 7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға жол берілмейді.

3

3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген және салалық сараптамалардың түйіндерін қамтитын, құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы алынған жобалар болмаса, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен коммуникациялар салуға (реконструкциялауға, күрделі жөндеуге) жол берілмейді.

Қолданыстағы