Құжат мәтініне өту

Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов, тарифов на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов по Аральскому району

Өзге акт · № 50 · қабылданған 29.04.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 03.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-155642/on/2026-09-03/
Басып шығарылды 2026-09-03 · adilet.kz
Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов, тарифов на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов по Аральскому району Күшін жойған Өзге акт ·№ 50 ·29.04.2021
13.01.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
03.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов, тарифов на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов по Аральскому району

Күшін жойған Өзге акт ·№ 50 · 03.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов, тарифов на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов по Аральскому району
Атауы (қаз.)
Арал ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
50
Қабылданған күні
29.04.2021
Көрсетілген редакция
13.01.2023 155642_639662.kaz
Соңғы өзгеріс
13.01.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21LC008321
ЭКБ идентификаторы
155642
Редакция идентификаторы
155642_639662
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:20

0 Арал ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Кодексінің 19-1-бабының 1), 2) тармақшаларына, 20-1-бабының 2), 3) тармақшаларына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, 7-бабының 5-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Арал ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормалары, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

2

2. «Арал ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Арал аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 мамырдағы № 251 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6790 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 Арал ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Арал аудандық мәслихатының
2021 жылғы 29 сәуірдегі
№ 50
шешіміне 1 қосымша
Арал ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар
жинақталатын объектілер
Есептік
бірлік
1 есептік бірлікке жылдық нормасы,
текше метр
1
Жайлы емес үйлер
1 тұрғын
0,65
2
Қонақ үйлер
1 орын
0,70
3
Балабақшалар, бөбекжайлар
1 орын
0,36
4
Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері
1 қызметкер
0,89
5
Емханалар
1 келіп кету
0,0002
6
Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері
1 төсек-орын
1,29
7
Мектептер және өзге де оқу орындары
1 оқушы
0,13
8
Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері
1 отыратын орын
1,29
9
Театр, кинотеатр, концерт залдары
1 отыратын орын
0,18
10
Мұражайлар
жалпы алаңы
1 шаршы метр
0,03
11
Стадион, спорт алаңдары
жоба бойынша
1 орын
0,03
12
Спорт, би және ойын залдары
жалпы алаңы
1 шаршы метр
0,07
13
Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер
сауда алаңы
1 шаршы метр
0,47
14
Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер
сауда алаңы
1 шаршы метр
0,30
15
Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары
жалпы алаңы
1 шаршы метр
0,09
16
Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары
жалпы алаңы
1 шаршы метр
0,05
17
Вокзал, автовокзал
жалпы алаңы
1 шаршы метр
0,23
18
Дәріханалар
сауда алаңы
1 шаршы метр
0,25
19
Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автожанармай құю станциялары, гараждар
1 машина-орын
1,67
20
Автомобиль шеберханалары
1 жұмысшы
1,34
21
Шаштараздар, косметикалық салондар
1 жұмыс орны
1,17
22
Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі
жалпы алаңы
1 шаршы метр
0,13
23
Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары
жалпы алаңы
1 шаршы метр
0,43
24
Ұсақ жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және тағы да басқалар)
1 жұмыс орны
2,33
25
Моншалар, сауналар
жалпы алаңы
1 шаршы метр
0,11

5 Арал ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер

Арал аудандық мәслихатының
2021 жылғы 29 сәуірдегі
№ 50
шешіміне 2 қосымша
Арал ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер

Атауы
Есептік бірлік
Бағасы (қосымша құн салығын есептегенде)
(теңге)
1
Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму тариф құны
1.1.
жайлы емес үйлер үшін
айына 1 тұрғынға
100
2
Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму тариф құны
2.1.
тұрғындар үшін
1 текше метр
1846
2.2.
шаруашылық жасаушы субъектілер үшін
1 текше метр
2018
3
Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму тариф құны
3.1.
тұрғындар үшін
1 текше метр
318
1 тонна
1589
3.2.
шаруашылық жасаушы субъектілер үшін
1 текше метр
490
1 тонна
2449

Қолданыстағы