Об установлении тарифов на регулярные перевозки пассажиров и багажа автомобильным транспортом внутрирайонных и внутрипоселковых маршрутов по Мактааральскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении тарифов на регулярные перевозки пассажиров и багажа автомобильным транспортом внутрирайонных и внутрипоселковых маршрутов по Мактааральскому району
- Атауы (қаз.)
- Мақтаарал ауданы бойынша ауданішілік және кентішілік бағыттарда жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 284
- Қабылданған күні
- 06.05.2021
- Көрсетілген редакция
- 06.05.2021 155664_522626.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.05.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21UG006187
- ЭКБ идентификаторы
- 155664
- Редакция идентификаторы
- 155664_522626
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:10
0 Мақтаарал ауданы бойынша ауданішілік және кентішілік бағыттарда жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабына және "Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7297 болып тіркелген) сәйкес, Мақтаарал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мақтаарал ауданы бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдайтын әлеуметтік мәні бар маршруттарына бір жолаушыға мынадай тарифтер белгіленсін:
1 1) ауданішілік бағыттарға жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдауға бір шақырымға 6 (алты) теңге.
2 2) кентішілік бағыттарға жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдауға 50 (елу) теңге.
2 2. "Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Мақтаарал ауданы әкімдігі интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б.Туребековке жүктелсiн.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
Мақтаарал аудандық мәслихатының
хатшысы Қ. Сәрсекбаев
«__» сәуір 2021 жыл