Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қаулы · № 98 · қабылданған 11.05.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-155811/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Қолданыста Қаулы ·№ 98 ·11.05.2021
28.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қолданыста Қаулы ·№ 98 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
98
Қабылданған күні
11.05.2021
Көрсетілген редакция
28.04.2025 155811_755315.kaz
Соңғы өзгеріс
28.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21NH009908
ЭКБ идентификаторы
155811
Редакция идентификаторы
155811_755315
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:10

0 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi осы каулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2

2. Денисов ауданы әкімдігінің «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы» 2020 жылғы 15 мамырдағы № 89, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9191 болып тіркелген қаулысы күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

Денисов
ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 11 мамырдағы
№ 98 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

1 1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

2 2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

3 3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

4 4) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

5 5) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

6 6) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман.

2 2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

1 1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

2 2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

3 3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бөлімінің басшысы;

4 4) аккомпаниатор;

5 5) библиограф;

6 6) кітапханашы;

7 7) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

8 8) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

9 9) ұжым (үйірме) басшысы;

10 10) музыкалық жетекші;

11 11) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;

12 12) хореограф;

13 13) дыбыс режиссері;

14 14) барлық атаудағы инженер (негізгі қызметтер);

15 15) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

16 16) қазақ, ағылшын тілдері мұғалімі.

3 3. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:

1 1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

2 2) әдіскер;

3 3) инструктор.

Қолданыстағы