Құжат мәтініне өту

Кезеңдік өрттің алдын-алу іс-шараларын өткізу тура

Қаулы · № 46 · қабылданған 21.02.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 06.04.2010 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-15582/?version=AI15582_1.kaz
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Кезеңдік өрттің алдын-алу іс-шараларын өткізу тура Күшін жойған Қаулы ·№ 46 ·21.02.2003
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Кезеңдік өрттің алдын-алу іс-шараларын өткізу тура

ҚАЗКезеңдік өрттің алдын-алу іс-шараларын өткізу туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 46 · қабылданған 21.02.2003

ЭКБ деректері 04.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Кезеңдік өрттің алдын-алу іс-шараларын өткізу тура
Атауы (қаз.)
Кезеңдік өрттің алдын-алу іс-шараларын өткізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
46
Қабылданған күні
21.02.2003
Көрсетілген редакция
06.04.2010 · қолданыстағы AI15582_1.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
06.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V03LF003132
ЭКБ идентификаторы
15582
Редакция идентификаторы
AI15582_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:26

0 Кезеңдік өрттің алдын-алу іс-шараларын өткізу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 06.04.2010 № 109 қаулысымен.
"Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы N 48-1 Заңына, облыс әкімиятының 2003 жылғы 28 қаңтардағы N 419 "Кезеңдік өрттің алдын-алу іс-шараларын өткізу туралы" қаулысын жүзеге асыру мақсатында тұрғын үйлерде, меншік түрлеріне қарамастан шаруашылық объектілерінде, кәсіпорындарда, ұжымдарда, мекемелерде, өрт қауіпсіздігін күшейту мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2003 жылға арналған кезеңдік өрттің алдын-алу шараларын өткізу жөніндегі кесте 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы (Е.Оспанов), мемлекеттік өртке қарсы қызметі N 4 өрт бөлімі

(С.Шынтаев) (келісім бойынша) әзірленген техникалық ұйымдастыру іс-
шараларына сәйкес:

1 1) халықты толық қамти отырып, өрт қауіпсіздігі ережелерін насихаттауды белсенді жүргізсін;

2 2) бағыныштағы қызметкерлер мен өмірлік маңызы зор мекеме басшылары құрылыс нормалары мен өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтау жұмыстарын күшейтсін;

3 3) тұрғын үйлердің, от жағатын пештерінің жағдайы, астық жиналатын жерлердің, элеваторлардың, балалардың сауықтыру демалыс орындарының мектептер мен оқу орындарында жаңа жыл шыршасы орнатылатын жерлердің өрт техникалық тексерулерінің сапалы жүргізілуі бақылауға алсын.

3 3. Аудандық ішкі істер бөлімі (Н.Қожамұратов) (келісім бойынша) белгілі тұрағы жоқ тұлғаларды анықтау бойынша алдын-алу жұмысты белсенді жүргізе отырып, көп қабатты үйлердің төлелерін жылу

жүйелері учаскелеріндегі қақпақтарды тексеріп олардың болмауын қамтамасыз етсін.

4 4. Аудандық білім бөлімі (Р.Әзбергенова), N 3 кәсіптік мектеп (К.Сералиев) мектептерде мемлекеттік өртке қарсы қызметі N 4 өрт бөлімі өкiлдерінiң қатысуымен өрт қауіпсіздігі тақырыптарына арналған сабақ өткізуді ұйымдастырсын.

5 5. "Жалағаш жаршысы" газетінің редакциясы газет бетінде өрт қауіпсіздік іс-шараларын кеңінен насихаттасын.

6 6. Кент, ауылдық округ әкімдері тиісті мекемелерді қатыстыра отырып, кезеңдік өрттің алдын алу іс-шараларын өткізуді қамтамасыз етсін.

7 7. Мемлекеттік өртке қарсы қызметі кезеңдік өрттің алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде облыс әкімиятының 2003 жылғы 28 қаңтардағы N 419 қаулысымен бекітілген ережені басшылыққа алсын.

8 8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі орынбасары Б.Маншариповке жүктелсін.

12 Аудан әкімиятының

2003 жылғы 21 ақпандағы
N 46 қаулысымен бекітілген
қосымша
2003 жылдың ішінде жүргізілетін өртті алдын-алу іс-шаралар КЕСТЕСІ
N
Іс-шаралар аты
Іс-шараның өткізілетін мерзімі
1.
Жеке-сектор
05.02-25.02
2.
Автокөлік
05.03-25.03
3.
Саяжай
05.04-25.04
4.
Мектеп
05.05-25.05
5.
Демалыс-лагері
05.06-25.06
6.
Жем-шөп
05.07-25.07
7.
Орман-тоғай
05.08-25.08
8.
Алтын-дән
05.09-25.09
9.
Пеш
05.10-25.10
10
Тұрғын-үй
05.11-25.11
11
Шырша
05.12-25.12