Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қаулы · № 93 · қабылданған 11.05.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-155820/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Қолданыста Қаулы ·№ 93 ·11.05.2021
15.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қолданыста Қаулы ·№ 93 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
93
Қабылданған күні
11.05.2021
Көрсетілген редакция
15.04.2025 155820_754364.kaz
Соңғы өзгеріс
15.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21NF009909
ЭКБ идентификаторы
155820
Редакция идентификаторы
155820_754364
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:10

0 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 139-бабының 9-тармағына сәйкес Амангелді ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Амангелді ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Әкімдіктің
2021 жылғы 11 мамырдағы
№ 93 қаулысына
1-қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

1 1) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

2 2) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

2 2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

1 1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы (директоры);

2 2) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

3 3) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

4 4) кітапханашы;

5 5) кітапхана басшысы (меңгерушісі);

6 6) барлық атаудағы әртістері;

7 7) режиссер;

8 8) редактор (негізгі қызметтер);

9 9) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

10 10) әкімші (негізгі қызметтер);

11 11) дирижер;

12 12) библиограф;

13 13) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;

14 14) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының (директорының) орынбасары;

15 15) хореограф;

16 16) дыбыс режиссері;

17 17) қазақ, орыс, ағылшын тілдер мұғалімі.

3 3. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:

1 1) әдіскер.

32 Әкімдіктің күшi жойылған кейбiр қаулыларының тiзбесi

Әкімдіктің
2021 жылғы 11 мамырдағы
№ 93 қаулысына
2-қосымша
Әкімдіктің күшi жойылған кейбiр қаулыларының тiзбесi

1

1. Әкімдіктің «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» 2018 жылғы 4 маусымдағы № 59 қаулысы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7845 болып тіркелген.

2

2. Әкімдіктің «Әкімдіктің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 59 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 1 тамыздағы № 126 қаулысы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8613 болып тіркелген.

3

3. Әкімдіктің «Әкімдіктің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 59 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы № 87 қаулысы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9167 болып тіркелген.

Қолданыстағы