Құжат мәтініне өту

Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді басылым өнімдерін сату тәртібін мен Ережесін бекіту туралы

Қаулы · № 346 · қабылданған 26.02.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 04.02.2010 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-15583/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді басылым өнімдерін сату тәртібін мен Ережесін бекіту туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 346 ·26.02.2003
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді басылым өнімдерін сату тәртібін мен Ережесін бекіту туралы

ҚАЗЭротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді басылым өнімдерін сату тәртібін мен Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 346 · қабылданған 26.02.2003

ЭКБ деректері 04.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді басылым өнімдерін сату тәртібін мен Ережесін бекіту туралы
Атауы (қаз.)
Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді басылым өнімдерін сату тәртібін мен Ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
346
Қабылданған күні
26.02.2003
Көрсетілген редакция
04.02.2010 · қолданыстағы AI15583_1.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
04.02.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V03LE003136
ЭКБ идентификаторы
15583
Редакция идентификаторы
AI15583_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:25

0 Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді басылым өнімдерін сату тәртібін мен Ережесін бекіту туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 04.02.2010 № 784 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы N 148-ІІ санды "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 37 бабының 1, 2 тармағына, 23 шілде 1999 жылғы N 451-І санды "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 14 бабының 2 тармағына және эротикалық сипаттағы өнімдерді сату жөніндегі сауда нүктелердің қызметін ретке келтіру мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аудан аумағында эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді басылым өнімдерін бөлшек саудада сату ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы ережеге сәйкес кент, ауыл округтері әкімдері эротикалық сипаттағы материалдарды жариялаушы мерзімді басылым өнімдерін сатуға арналған арнайы тұрақты орындар белгілесін.

3

3. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар және ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімдері аудан әкімі жанынан эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын басылым өнімдерін сату тәртібін бақылайтын комиссия құрамын жасақтап және комиссия туралы ережені бір ай мерзім ішінде дайындап, бекітуге ұсынсын.

4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ғ.Әкімтаевқа жүктелсін.

5 Аудан әкімиятының

2003 жылғы 26 ақпандағы
N 346 қаулысына қосымша
Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын
мерзімді басылым өнімдерін бөлшек сауда сату ЕРЕЖЕСІ
Осы Ереже Қазақстан Республикасының 23 шілде 1999 жылғы N 451-І "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 14 бабының 2 тармағының негізінде әзірленді.

1 1. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді басылым өнімдері бөлшек саудада тек қана айқын көрініп тұратын жабық орамының ішінде және жергілікті атқару органдары арнайы бөлген тұрақты үй-жайларда ғана сатылуы тиіс.

2 2. Аталған басылым өнімдерін:

1 1) 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге;

2 2) бала бақшалары мен оқу орындарының маңынан 50 метр аумақта;

3 3) мәдениет, денсаулық сақтау, білім сондай-ақ сәулет пен тарихи ескерткіштер және басқа да мемлекеттік мекемелер маңында;

4 4) қоғамдық көлікте, аялдамаларда, көпшілік демалатын орындарда сатуға тиым салынады.

3 3. Осы Ереженің талаптары эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын барлық мерзімді басылымдарға, сонымен бірге жақын және алыс шет елдерден әкелінетін басылымдарға да қолданылады.