Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді басылым өнімдерін сату тәртібін мен Ережесін бекіту туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді басылым өнімдерін сату тәртібін мен Ережесін бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді басылым өнімдерін сату тәртібін мен Ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 346
- Қабылданған күні
- 26.02.2003
- Көрсетілген редакция
- 04.02.2010 · қолданыстағы AI15583_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.02.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V03LE003136
- ЭКБ идентификаторы
- 15583
- Редакция идентификаторы
- AI15583_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 22:25
0 Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді басылым өнімдерін сату тәртібін мен Ережесін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 04.02.2010 № 784 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы N 148-ІІ санды "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 37 бабының 1, 2 тармағына, 23 шілде 1999 жылғы N 451-І санды "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 14 бабының 2 тармағына және эротикалық сипаттағы өнімдерді сату жөніндегі сауда нүктелердің қызметін ретке келтіру мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аудан аумағында эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді басылым өнімдерін бөлшек саудада сату ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы ережеге сәйкес кент, ауыл округтері әкімдері эротикалық сипаттағы материалдарды жариялаушы мерзімді басылым өнімдерін сатуға арналған арнайы тұрақты орындар белгілесін.
3
3. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар және ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімдері аудан әкімі жанынан эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын басылым өнімдерін сату тәртібін бақылайтын комиссия құрамын жасақтап және комиссия туралы ережені бір ай мерзім ішінде дайындап, бекітуге ұсынсын.
4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ғ.Әкімтаевқа жүктелсін.
5 Аудан әкімиятының
2003 жылғы 26 ақпандағы
N 346 қаулысына қосымша
Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын
мерзімді басылым өнімдерін бөлшек сауда сату ЕРЕЖЕСІ
Осы Ереже Қазақстан Республикасының 23 шілде 1999 жылғы N 451-І "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 14 бабының 2 тармағының негізінде әзірленді.