Об установлении ограничительных мероприятий в селе Шариптогай Кокпектинского сельского округа Кокпектинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий в селе Шариптогай Кокпектинского сельского округа Кокпектинского района
- Атауы (қаз.)
- Көкпекті ауданы Көкпекті ауылдық округінің Шәріптоғай ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 04.05.2021
- Көрсетілген редакция
- 01.08.2022 155880_585976.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21VOE08732
- ЭКБ идентификаторы
- 155880
- Редакция идентификаторы
- 155880_585976
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:15
0 Көкпекті ауданы Көкпекті ауылдық
округінің Шәріптоғай ауылында шектеу
іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңы 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңы 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекция басшысының 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 01 - 11/164 ұсынысы негізінде, Көкпекті ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Көкпекті ауданы Көкпекті ауылдық округінің Шәріптоғай ауылында мүйізді ірі қара малдардың арасында бруцеллез инфекциялық ауруына қарсы ветеринарлық – санитарлық іс – шараларды жүргізу және ошақты жою үшін шектеу іс – шаралары белгіленсін.
2 2. Көкпекті ауданының «Көкпекті ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1 1) осы шешімді Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді;
2 2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің аудан аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялау үшін жіберуді;
3 3) осы шешімнің ресми жарияланғаннан кейін Көкпекті ауданы әкімінің интернет – ресурсында орналастырылуын.
3 3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау өзіме қалдырамын.
Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.