Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам в области социального обеспечения, культуры являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах Енбекшиказахского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам в области социального обеспечения, культуры являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах Енбекшиказахского района
- Атауы (қаз.)
- Еңбекшіқазақ ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 6-31
- Қабылданған күні
- 30.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 30.04.2021 155892_523425.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21DH005955
- ЭКБ идентификаторы
- 155892
- Редакция идентификаторы
- 155892_523425
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:16
0 Еңбекшіқазақ ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.
2
2. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының «Еңбекшіқазақ ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы» 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 68-201 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5693 тіркелген, 2020 жылдың 07 қазанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.