Об утверждении проектов (схем) зонирования земель, границ оценочных зон и поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки села Сенек и населенного пункта Аккудык Каракиянского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении проектов (схем) зонирования земель, границ оценочных зон и поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки села Сенек и населенного пункта Аккудык Каракиянского района
- Атауы (қаз.)
- Қарақия ауданы Сенек ауылы және Аққұдық елді мекені бойынша жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 4/31
- Қабылданған күні
- 04.05.2021
- Көрсетілген редакция
- 27.12.2021 155909_555229.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21MD004533
- ЭКБ идентификаторы
- 155909
- Редакция идентификаторы
- 155909_555229
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:14
0 Қарақия ауданының Сенек ауылы және Аққұдық елді мекенінің жерді аймақтарға бөлу жобалары (схемалар), бағалау аумақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1 1. Осы шешімнің 1, 3-қосымшаларына сәйкес Сенек ауылы және Аққұдық елді мекенінің жерді аймақтарға бөлу жобалары (схемалар) бекітілсін.
2 2. Осы шешімнің 2, 4-қосымшаларына сәйкес Қарақия ауданы Сенек ауылы және Аққұдық елді мекенінің бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері бекітілсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттілігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (Б.Дүсіпов) жүктелсін.
4 4. «Қарақия аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Р.Ибраева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
5 5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Сенек ауылы бойынша жерді аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
Қарақия аудандық мәслихатының
2021 жылғы 04 мамырдағы
№ 4/31 шешіміне
1 қосымша
Сенек ауылы бойынша жерді аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
7 Сенек ауылының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
Қарақия аудандық мәслихатының
2021 жылғы 4 мамырдағы
№ 4/31 шешіміне 2-қосымша
Сенек ауылының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері
үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
Аймақтардың №
Бағалау аймақтарының шекараларының сипаттамасы
Жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері
І
Бірінші аймақ - селитебтік, бұл жерде жеке құрылыстар, негізгі әкімшілік ғимараттар, жалпы білім беретін мектеп, спорт мектебі, мәдениет үйі, байланыс үйі, кітапхана, емхана, аурухана, мешіт, базар, шағын дүкендердің жеке желісі, кафелер, мейрамханалар шоғырланған.
1,5
ІІ
Автожолдарды қоса алғанда, өндірістік жерлер.
1,3
ІІІ
Босалқы аймақ.
1,0
8 Аққұдық елді мекені бойынша жерді аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
Қарақия аудандық мәслихатының
2021 жылғы 04 мамырдағы
№ 4/31 шешіміне
3 қосымша
Аққұдық елді мекені бойынша жерді аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
9 Аққұдық елді мекені бойынша бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
Қарақия аудандық мәслихатының
2021 жылғы 4 мамырдағы № 4/31
шешіміне 4-қосымша
Аққұдық елді мекені бойынша бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
Аумақтардың №
Бағалау аумақтарының шекараларының сипаттамасы
Жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері
І
Бірінші аймақ - селитебтік, тұрғын, әлеуметтік, коммерциялық, оның ішінде жеке тұрғын үй құрылыстары, негізгі әкімшілік ғимараттары, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысы жерінің бір бөлігі шоғырланған (кезектегі бас жоба бойынша барлық инфраструктуралық жағдайы қамтылып, игерілетін).
1,3
ІІ
Босалқы аймақ - оның ішінде ауыл шаруашылығы жерлері және басқа режимде пайдаланылатын жерлердің бөлігі.
1,0