Об установлении права ограниченного целевого пользования (публичный сервитут) земельными участками для эксплуатации волоконно-оптическими линиями связи в селе Парыгино
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении права ограниченного целевого пользования (публичный сервитут) земельными участками для эксплуатации волоконно-оптическими линиями связи в селе Парыгино
- Атауы (қаз.)
- Парыгино ауылында талшықты-оптикалық желілер байланысын пайдалану үшін жер учаскелеріне шектеулі нысаналы пайдалану (жария сервитут) құқығын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 30.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 30.04.2021 155914_526881.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21VLH08735
- ЭКБ идентификаторы
- 155914
- Редакция идентификаторы
- 155914_526881
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:16
0 Парыгино ауылында талшықты-оптикалық желілер байланысын
пайдалану үшін жер учаскелеріне шектеулі нысаналы пайдалану
(жария сервитут) құқығын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағы 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес, Алтай ауданы Парыгино ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес, Парыгино ауылында орналасқан талшықты-оптикалық желілердің байланысын пайдалану үшін «SilkNetCom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан, 10 жыл мерзімге, 2031 жылғы 12 қазанға дейін жалпы алаңы 0,3760 гектар жер учаскелеріне шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (жария сервитут) белгіленсін.
2 2. «Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Парыгино ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде осы шешімнің мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3 3. «Алтай ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі «SilkNetCom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен сервитут шартын жасасын.
4 4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Парыгино ауылдық округі әкімінің
2021 жылғы 30 сәуірдегі
№ 1 шешіміне
қосымша
№
Жер учаскесінің орналасқан жері
Жер учаскесінің ауданы, га
1
2
3
1
Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Парыгино ауылы, келесі көшелер бойынша: Победы, 1 (мектеп ғимаратының ауданы), Центральная, 4 (әкім аппараты ғимаратының ауданы, дәрігерлік амбулатория және темір жол ауданы).
0,3760
Барлығы:
0,3760