Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
- Атауы (қаз.)
- Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 438
- Қабылданған күні
- 29.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 14.06.2023 155916_638302.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.06.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21VP008753
- ЭКБ идентификаторы
- 155916
- Редакция идентификаторы
- 155916_638302
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:18
0 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде
жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын
2
2. Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 269 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7030, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылдың 6 мамырда жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.Ескендіровқа жүктелсін.
4 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Тарбағатай аудандық
мәcлихатының хатшысы
А. Боғырбаев
«_____ » _____________ 2021 жыл
Тарбағатай ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 29 сәуірдегі
№ 438 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет
саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары:
Үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, жұмыспен қамту орталығының директоры және мамандары, ассистенттер, жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөнінде консультант, оңалту орталығының директоры әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, медбике, мейіргер массажист, тәрбиеші, психолог, еңбек мұғалімі, логопед, емдік дене шынықтыру мұғалімі, музыка мұғалімі, мәдениұйымдастырушы, психиатр.
2
2. Мәдениет cаласы мамандарының лауазымдары: директор, директордың орынбасары, әдіскерлер, жастармен жұмыс әдіскерлері, концерт ұйымдастыратын менеджерлер, әртістер, мәдени жұмыстарды ұйымдастырушылар, бишілер дайындаушы, сүйемелдеуші өткізгіш, режиссер, театр суретшісі, концерт ұйымдастырушы, көмекші режиссер, мавзолей жетекшісі, ансамбль жетекшісі, эстрада жетекшісі, маман (дамыған өнер), кітапхана меңгерушісі, кітапханашы, библиограф, музыкалық оператор.