О присвоении наименования парку в микрорайоне «Жас қанат» Турксибского района города Алматы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О присвоении наименования парку в микрорайоне «Жас қанат» Турксибского района города Алматы
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы Түрксіб ауданы «Жас қанат» шағын ауданындағы саябаққа атау беру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 34
- Қабылданған күні
- 30.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 30.04.2021 155919_523868.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21R0001704
- ЭКБ идентификаторы
- 155919
- Редакция идентификаторы
- 155919_523868
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:16
0 Алматы қаласы Түрксіб ауданы «Жас қанат» шағын ауданындағы
саябаққа атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13-бабына cәйкес, Алматы қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2021 жылғы 22 ақпандағы және Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 7 сәуірдегі қорытындыларының негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және VІІ сайланымның Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Алматы қаласы Түрксіб ауданы «Жас қанат» шағын ауданындағы атауы жоқ саябаққа «Желтоқсан-86» саябағы атауы берілсін.
2
2. Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі, «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы», «Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы», «Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы», «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемелері осы бірлескен қаулы мен шешімді іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.
3 3. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы бірлескен қаулы мен шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында және ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
4
4. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихат шешімінің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихаты әлеуметтік-мәдени даму, жастар және қоғамдық коммуникациялар жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А.Ә. Жүдебаевқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Ж. Бабақұмаровқа жүктелсін.