Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам заимствования

Заң · № 303-1 · қабылданған 20.11.1998
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-1560/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам заимствования Қолданыста 20.11.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам заимствования

Қолданыста Заң № 303-1 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам заимствования
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының қарыз алу мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
303-1
Қабылданған күні
20.11.1998
Көрсетілген редакция
20.11.1998 AI1560_0.kaz
Соңғы өзгеріс
20.11.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z980000303_
ЭКБ идентификаторы
1560
Редакция идентификаторы
AI1560_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:27
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.11.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасының қарыз алу мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер енгізілсін:

1. "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 23-24, 516-құжат; 1995 ж., N 7, 48-құжат; N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 175, 180-құжаттар; 1997 ж., N 12, 181-құжат):
40-баптың 1-тармағының он бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"- лотереялар шығару, олардың шарттары, оларды орналастыру мен өткізу туралы, сондай-ақ қаржы жылының шегінде уақытша кассалық үзілісті жабу үшін және тиісті бюджетте заемның негізгі сомасы мен ол бойынша сыйақыны (мүддені) өтеуге арналған қаражат болған жағдайда ғана заем шарттары түрінде жоғары тұрған бюджеттен немесе екінші деңгейдегі банктерден қарызға қаражат алу туралы шешімдер қабылдау;";
42-баптың бірінші бөлігінің сегізінші абзацындағы "несие, заем және басқа ұзақ мерзімді міндеттемелер туралы шешімдер қабылдайды;" деген сөздер алып тасталсын.

2. 1998 жылғы 8 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" 1998 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

3-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"лотереялар шығару, олардың шарттары, оларды орналастыру мен өткізу
туралы, сондай-ақ қаржы жылының шегінде уақытша кассалық үзілісті жабу үшін
және тиісті бюджетте заемның негізгі сомасы мен ол бойынша сыйақыны
(мүддені) өтеуге арналған қаражат болған жағдайда ғана шарттары түрінде
жоғары тұрған бюджеттен немесе екінші деңгейдегі банктерден қарызға қаражат
алу туралы шешімдер қабылдауға;".