Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил предоставления государственной финансовой поддержки единому закупщику электрической энергии

Қаулы · № 332 · қабылданған 20.05.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-156022/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил предоставления государственной финансовой поддержки единому закупщику электрической энергии Қолданыста Қаулы ·№ 332 ·20.05.2021
31.12.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил предоставления государственной финансовой поддержки единому закупщику электрической энергии

Қолданыста Қаулы ·№ 332 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил предоставления государственной финансовой поддержки единому закупщику электрической энергии
Атауы (қаз.)
Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығына мемлекеттік қаржылық қолдау ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
332
Қабылданған күні
20.05.2021
Көрсетілген редакция
31.12.2024 156022_741624.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2100000332
ЭКБ идентификаторы
156022
Редакция идентификаторы
156022_741624
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:04

0 Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға мемлекеттік қаржылай қолдау беру қағидаларын бекіту туралы

«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 8-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға мемлекеттік қаржылай қолдау беру қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға мемлекеттік қаржылай қолдау ұсыну қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 20 мамырдағы
№ 332 қаулысымен
бекітілген
Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға мемлекеттік
қаржылай қолдау ұсыну қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға мемлекеттік қаржылай қолдау ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 8-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға мемлекеттік қаржылай қолдау ұсыну тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1

1) мемлекеттік қаржылай қолдау – электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатудан түскен пайдасы жеткіліксіз болғандықтан, оның жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар алдындағы міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан қолдау;

2

2) резервтік қор – электр энергиясын бірыңғай сатып алушы қалыптастыратын қор, оның ақшасы арнаулы банк шотында сақталады және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері тарапынан төлем жасалмау немесе төлемді кідірту салдарынан туындайтын кассалық алшақтықтар мен электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар алдындағы берешегін жабуға ғана пайдаланылады;

3 3) уәкілетті орган – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

4 4) электр энергиясын бірыңғай сатып алушы – уәкілетті орган айқындайтын, «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен электр энергиясының жоспарлы көлемін орталықтандырылған сатып алу мен сатуды жүзеге асыратын, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға.

2 2-тарау. Мемлекеттік қаржылай қолдау тәртібі

3

3. Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінен мемлекеттік қаржылай қолдау электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі – ЖЭК) пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар алдындағы міндеттемелерін жабуға резервтік қорға ақша қаражатын жіберу арқылы жүзеге асырылады.

4

4. Егер резервтік қордағы ақша қаражаты және электр энергиясын сатудан түскен электр энергиясын бірыңғай сатып алушының табысы электр энергиясын бірыңғай сатып алушының ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар алдындағы қаржылық міндеттемелерін орындауы үшін жеткіліксіз болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға мемлекеттік қаржылай қолдау көрсетеді.
Бұл ретте электр энергиясын бірыңғай сатып алушы мемлекеттік қаржылай қолдау үшін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде уәкілетті органға жүгінеді.

5 5. Бюджеттік өтінімді, есеп-қисаптарды, негіздемелерді, әлеуметтік-экономикалық әсерді және бюджеттік жоспарлаудың басқа да талап етілетін құжаттарын бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген тәртіппен қалыптастырады және ұсынады.

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі көрсетілген бюджеттік бағдарлама көрсеткіштерінің уәкілетті органның даму жоспарының нысаналы индикаторларымен, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарымен өзара байланысын қамтамасыз етеді.

6 6. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны мемлекеттік қаржылай қолдау мына жағдайлар бір мезгілде орын алғанда ғана жүзеге асырылады:

1 1) өткен жылы электр энергиясын бірыңғай сатып алушының ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар алдындағы міндеттемелерінің ең жоғары үш айлық мәнінен кем болмайтын мөлшерде нақты қалыптасқан мерзімі өткен берешек;

2 2) ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар алдындағы берешекті жабу үшін резервтік қорда ақша қаражатының болмауы, оның осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес құжаттармен және мәліметтермен расталуы;

3

3) сот шешімін орындау бойынша «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген барлық қажетті және толық шаралар қабылданғаннан кейін электр энергиясының көтерме нарығы субъектілерінің атқарушылық іс жүргізу қозғалған күннен бастап 6 (алты) айдан асқан мерзімде берешекті өндіріп алу туралы сот шешімін (шешімдерін) орындауының мүмкін болмауы.
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша орындау тоқтатып қойылған, кейінге қалдырылған не мерзімі ұзартылған атқарушылық құжаттарды орындау уақыты атқарушылық іс жүргізу мерзіміне кірмейді.

7

7. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы мемлекеттік қаржылай қолдау алу үшін бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне қажетті мемлекеттік қаржылай қолдау сомасы негізделген өтінішті және ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар алдындағы міндеттемелерге ақы төлеу үшін ақшалай қаражаттың жоқ екенін растайтын мынадай құжаттарды:

1 1) электр энергиясының көтерме нарығы субъектілері тарапынан олар жеткізген электр энергиясы үшін ақы төленбеген немесе төлеу кешіктірілген электр энергиясын бірыңғай сатып алушының сату шарттарының көшірмелерін;

2 2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген шарттар бойынша көлемдерді, шот-фактураларды салыстыру актілерінің көшірмелерін;

3

3) электр энергиясын бірыңғай сатып алушы ағымдағы қаржы жылында мемлекеттік қаржылай қолдау алу үшін бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне өтініш берген күнге дейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген шарттар бойынша электр энергиясын сату жөніндегі өзара есеп-қисаптарды салыстыру актілерін;

4 4) мемлекеттік қаржылай қолдау алу үшін электр энергиясын бірыңғай сатып алушы бюджеттік бағдарлама әкімшісіне өтініш берген күнге дейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген шарттар бойынша дебиторлық берешектің толық жазылуын;

5 5) мемлекеттік қаржылай қолдау алу үшін электр энергиясын бірыңғай сатып алушы бюджеттік бағдарлама әкімшісіне өтініш берген күнге дейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге электр энергиясын бірыңғай сатып алушының шоттарының жай-күйін көрсететін банктік үзінді көшірмелерді;

6

6) берешекті өндіріп алу туралы сот шешімдерін, сондай-ақ электр энергиясының көтерме нарығы субъектілерінің берешекті өндіріп алу туралы сот шешімін (шешімдерін) осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мерзімде орындауының мүмкін еместігін растайтын атқарушылық құжаттарды жібереді.

8 8. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы мемлекеттік қаржылай қолдау алу үшін осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген негіздеуші материалдарды ұсыну жолымен бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне ұсынылатын құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.

9

9. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі өтінішті және ұсынылған құжаттарды алған сәттен бастап оларды 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген құжаттарды толық көлемде ұсынбаса, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен және (немесе) дәйексіз мәліметтері бар құжаттарды ұсынатын болса, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі олар келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға бас тарту себептері көрсетілген дәлелді бас тартуды жібереді. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы дәлелді бас тартуды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жетіспейтін құжаттарды жібереді және (немесе) ұсынылатын құжаттар мен мәліметтерді осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтіру мақсатында бюджеттік бағдарлама әкімшісінің ескертулерін жояды.
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі қайта ұсынылған өтінішті ол түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.
Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің шешімімен келіспеген жағдайда электр энергиясын бірыңғай сатып алушы оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен шағым жасайды.

10 10. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан алынған құжаттар мен мәліметтер негізінде:

1 1) мемлекеттік қаржылай қолдаудың мөлшерін айқындайды;

2 2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген тәртіппен мемлекеттік қаржылай қолдауды төлеу жөніндегі шығыстарды тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімге қосады;

3 3) бөлінетін мемлекеттік қаржылай қолдау көлемі туралы құжаттар мен мәліметтерді электрондық құжат айналымы арқылы электр энергиясын бірыңғай сатып алушының назарына жеткізеді.

11 11. Заңның 7-1-бабының 5-тармағына сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушы «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жылдық қаржылық есептілікке аудит жүргізеді және ол бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде оның нәтижелерін уәкілетті органға ұсынады.

12

12. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы алған мемлекеттік қаржылай қолдау электр энергиясын бірыңғай сатып алушының резервтік қорының арнайы шотына есепке жазылады және ЖЭК пайдаланатын объектілер өндіріп, электр энергиясының көтерме нарығы субъектілеріне жеткізілген электр энергиясы үшін олардың ақы төлеуінің мүмкін болмауы салдарынан ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар алдында туындайтын электр энергиясын бірыңғай сатып алушының берешегін жабуға ғана пайдаланылады.

13

13. Мемлекеттік қаржылай қолдау нәтижесінде алынған және электр энергиясын бірыңғай сатып алушы ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар алдындағы міндеттемелерді жабуға пайдаланған ақша қаражаты осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес есепке жазылады және резервтік қордың мөлшерін есептеген кезде Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 361 бұйрығымен бекітілген Резервтік қорды қалыптастыру және пайдалану қағидаларына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14210 болып тіркелген) ескеріледі.
_________________________________

Қолданыстағы