Құжат мәтініне өту

Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос реки Уба (левый берег) и реки Выдриха (левый и правый берег) в створе земельных участков в районе села Выдриха в Шемонаихинском районе Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования

Қаулы · № 158 · қабылданған 30.04.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-156028/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос реки Уба (левый берег) и реки Выдриха (левый и правый берег) в створе земельных участков в районе села Выдриха в Шемонаихинском районе Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования Қолданыста Қаулы ·№ 158 ·30.04.2021
30.04.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос реки Уба (левый берег) и реки Выдриха (левый и правый берег) в створе земельных участков в районе села Выдриха в Шемонаихинском районе Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования

Қолданыста Қаулы ·№ 158 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос реки Уба (левый берег) и реки Выдриха (левый и правый берег) в створе земельных участков в районе села Выдриха в Шемонаихинском районе Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Выдриха ауылы аумағындағы жер учаскелері тұстамасындағы Оба өзенінің (сол жағалау) және Выдриха өзенінің (сол және оң жағалау) су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
158
Қабылданған күні
30.04.2021
Көрсетілген редакция
30.04.2021 156028_525922.kaz
Соңғы өзгеріс
30.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21V0008777
ЭКБ идентификаторы
156028
Редакция идентификаторы
156028_525922
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:17

0 Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Выдриха ауылы аумағындағы жер учаскелері тұстамасындағы Оба өзенінің (сол жағалау) және Выдриха өзенінің (сол және оң жағалау) су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

1 1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Выдриха ауылы аумағындағы жер учаскелері тұстамасындағы Оба өзенінің (сол жағалау) және Выдриха өзенінің (сол және оң жағалау) су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;

2

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Выдриха ауылы аумағындағы жер учаскелері тұстамасындағы Оба өзенінің (сол жағалау) және Выдриха өзенінің (сол және оң жағалау) су қорғау аймақтары аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеулері аумағында шектеулі шаруашылық қызмет режимі белгіленсін.

2

2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Шемонаиха ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.

3 3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясы басшысының міндетін атқарушы
______________ М. Иманжанов
2021 жылғы «___»_______________

10 Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Выдриха ауылы аумағындағы жер учаскелері тұстамасындағы Оба өзенінің (сол жағалау) және Выдриха өзенінің (сол және оң жағалау) су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері

Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2021 жылғы 30 сәуірдегі
№ 158 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Выдриха ауылы аумағындағы жер учаскелері тұстамасындағы Оба өзенінің (сол жағалау) және Выдриха өзенінің (сол және оң жағалау) су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері
Су объектісі
Су қорғау аймақтары
Су қорғау белдеулері
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
1
2
3
4
5
6
7
Оба өзені, сол жағалау
4,642
229,1882
372-960
4,1775
84,8877
35
Выдриха өзені,
сол жағалау
4,507
236,0651
384-500
5,4602
25,7979
35-100
Выдриха өзені,
оң жағалау
3,2147
217,0308
500
5,7225
25,3664
35
Ескертпе:
Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.

Қолданыстағы