Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос озер Кенжебай и Бурмаколь в Курчумском районе Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос озер Кенжебай и Бурмаколь в Курчумском районе Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының аумағындағы Кенжебай және Бұрмакөл көлдерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 173
- Қабылданған күні
- 05.05.2021
- Көрсетілген редакция
- 05.05.2021 156031_525920.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.05.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21V0008771
- ЭКБ идентификаторы
- 156031
- Редакция идентификаторы
- 156031_525920
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:13
0 Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының аумағындағы Кенжебай және Бұрмакөл көлдерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
1 1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының аумағындағы Кенжебай және Бұрмакөл көлдерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;
2 2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының аумағындағы Кенжебай және Бұрмакөл көлдерінің су қорғау аймақтары аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеулері аумағында шектеулі шаруашылық қызмет режимі белгіленсін.
2
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Күршім ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.
3 3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясы басшысының міндетін атқарушы
______________ М. Иманжанов
2021 жылғы «___»_______________
10 Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының аумағындағы Кенжебай және Бұрмакөл көлдерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері
Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2021 жылғы 5 мамырдағы
№ 173 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының аумағындағы Кенжебай және Бұрмакөл көлдерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері
Су объектісі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Шекара ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
Шекара ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
1
2
3
4
5
6
7
Кенжебай көлі
15,71
853,8
500
19,43
106,2
50
Бұрмакөл көлі
8,31
416,4
500
8,68
43,7
50
Ескертпе:
Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері шекарасы мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.