Құжат мәтініне өту

Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы реки Глубочанка в створе земельных участков, предоставляемых для ведения личного подсобного хозяйства, в селе Прогресс Глубоковского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования

Қаулы · № 171 · қабылданған 05.05.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-156034/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы реки Глубочанка в створе земельных участков, предоставляемых для ведения личного подсобного хозяйства, в селе Прогресс Глубоковского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования Қолданыста Қаулы ·№ 171 ·05.05.2021
05.05.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы реки Глубочанка в створе земельных участков, предоставляемых для ведения личного подсобного хозяйства, в селе Прогресс Глубоковского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования

Қолданыста Қаулы ·№ 171 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы реки Глубочанка в створе земельных участков, предоставляемых для ведения личного подсобного хозяйства, в селе Прогресс Глубоковского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Прогресс ауылында жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілетін жер учаскелерінің тұстамасындағы Глубочанка өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
171
Қабылданған күні
05.05.2021
Көрсетілген редакция
05.05.2021 156034_525811.kaz
Соңғы өзгеріс
05.05.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21V0008787
ЭКБ идентификаторы
156034
Редакция идентификаторы
156034_525811
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:13

0 Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Прогресс ауылында жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілетін жер учаскелерінің тұстамасындағы Глубочанка өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

1 1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Прогресс ауылында жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілетін жер учаскелерінің тұстамасындағы Глубочанка өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;

2

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Прогресс ауылында жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілетін жер учаскелерінің тұстамасындағы Глубочанка өзенінің су қорғау аймағы аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеуі аумағында шектеулі шаруашылық қызмет режимі белгіленсін.

2

2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Глубокое ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.

3 3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясының басшысының міндетін атқарушы
______________ М. Иманжанов
2021 жылғы «___»_______________

10 Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Прогресс ауылында жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілетін жер учаскелерінің тұстамасындағы Глубочанка өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі

Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2021 жылғы 5 мамырдағы
№ 171 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Прогресс ауылында жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілетін жер учаскелерінің тұстамасындағы Глубочанка өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
Су объектісі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
1
2
3
4
5
6
7
Глубочанка өзені
сол жағалау
0,57
16,05
410-550
0,118
0,35
35
Ескертпе:
Су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.

Қолданыстағы