Құжат мәтініне өту

О реорганизации отдельных предприятий Управления Делами Президента Республики Казахстан

Қаулы · № 335 · қабылданған 20.05.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-156043/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О реорганизации отдельных предприятий Управления Делами Президента Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 335 ·20.05.2021
20.05.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О реорганизации отдельных предприятий Управления Делами Президента Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 335 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реорганизации отдельных предприятий Управления Делами Президента Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президенті Iс Басқармасының жекелеген кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
335
Қабылданған күні
20.05.2021
Көрсетілген редакция
20.05.2021 156043_526433.kaz
Соңғы өзгеріс
20.05.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2100000335
ЭКБ идентификаторы
156043
Редакция идентификаторы
156043_526433
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:04

0 Қазақстан Республикасы Президенті Iс Басқармасының жекелеген кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны оған «Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының Алматы қаласындағы әкімшілік ғимараттары дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісу бойынша) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3 3. «Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы № 1212 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулыға қосымшада:
реттік нөмірі 7-жол алып тасталсын.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы