Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
- Атауы (қаз.)
- Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін, азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдарының тiзбесiн анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 176
- Қабылданған күні
- 21.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 21.04.2021 156093_527592.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21VG008804
- ЭКБ идентификаторы
- 156093
- Редакция идентификаторы
- 156093_527592
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:32
0 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
2 2. «Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Бесқарағай ауданының аумағында орналасқан мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдануын қамтамасыз етсін;
3 3) осы хабарламаны ресми жарияланғаннан кейін Бесқарағай ауданы әкімдігінің интернет–ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3
3. Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 139 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 4541 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
Бесқарағай ауданы әкімінің
міндетін атқарушы
2021 жылғы 21 сәуірдегі
№ 176 қосымша
Бесқарағай аудандық
әкiмдiгiнiң
қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
1
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары: коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, бөлімшенің меңгерушісі, ассистент, әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман, әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi кеңесші, күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер, диеталық мейіргер, психолог, нұсқаушы, музыкалық жетекші, тәрбиеші, мейіргер, арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулерді бағалау және мұқтаждықты анықтау бойынша әлеуметтiк қызметкер.