Об утверждении перечня медицинских специальностей программ резидентуры
Қолданыста
Бұйрық
·№ ҚР ДСМ - 43
·
12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня медицинских специальностей программ резидентуры
- Атауы (қаз.)
- Резидентура бағдарламаларының медициналық мамандықтар тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- ҚР ДСМ - 43
- Қабылданған күні
- 25.05.2021
- Көрсетілген редакция
- 26.06.2025 156177_770691.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.06.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022844
- ЭКБ идентификаторы
- 156177
- Редакция идентификаторы
- 156177_770691
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:03
0 Резидентура бағдарламаларының медициналық мамандықтар тізбесін бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 222-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес резидентура бағдарламаларының медициналық мамандықтар тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
0 Резидентура бағдарламаларының медициналық мамандықтар тізбесі
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2021 жылғы 25 мамырдағы
№ ҚР ДСМ-43 бұйрығына
қосымша
Резидентура бағдарламаларының медициналық мамандықтар тізбесі