Құжат мәтініне өту

Об утверждении правил направления граждан Республики Казахстан на лечение за рубеж и (или) привлечения зарубежных специалистов для проведения лечения в отечественных медицинских организациях в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи

Бұйрық · № ҚР ДСМ -45 · қабылданған 26.05.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-156207/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении правил направления граждан Республики Казахстан на лечение за рубеж и (или) привлечения зарубежных специалистов для проведения лечения в отечественных медицинских организациях в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ -45 ·26.05.2021
28.09.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении правил направления граждан Республики Казахстан на лечение за рубеж и (или) привлечения зарубежных специалистов для проведения лечения в отечественных медицинских организациях в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи

Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ -45 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении правил направления граждан Республики Казахстан на лечение за рубеж и (или) привлечения зарубежных специалистов для проведения лечения в отечественных медицинских организациях в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи
Атауы (қаз.)
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту қағидаларын әзірлеуді бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
ҚР ДСМ -45
Қабылданған күні
26.05.2021
Көрсетілген редакция
28.09.2024 156207_722444.kaz
Соңғы өзгеріс
28.09.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022866
ЭКБ идентификаторы
156207
Редакция идентификаторы
156207_722444
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:02

0 Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту қағидаларын әзірлеуді бекіту туралы

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 60) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі

1 Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту қағидалары

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2021 жылғы 26 мамырдағы
№ ҚР ДСМ -45 бұйрыққа
1-қосымша
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 7-бабының 60) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалар жеке қаражаты есебінен шетелдік медициналық ұйымдарға емделуге өз бетінше кеткен пациенттердің жағдайларына қолданылмайды.

2 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1 1) бейінді маман ‒ жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;

2

2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі ‒ уәкілетті орган) ‒ Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

3 3) жеке сәйкестендiру нөмiрi – жеке тұлға үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;

4

4) комиссияның жұмыс органы – Қазақстан Республикасының азаматтарын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелге емделуге жіберу және (немесе) шетелдік мамандарды тарту мәселелері бойынша үйлестіруші орган (бұдан әрі – Жұмыс органы);

5

5) Қазақстан Республикасының азаматтарын тегін медициналық көмектің кепілдік шеңберінде шетелдік медициналық ұйымдарға емделуге жіберу жөніндегі комиссия (бұдан әрі ‒ комиссия) Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберуді және (немесе) тегін медициналық көмектің кепілдік шеңберінде отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тартуды шешу үшін уәкілетті орган құрған, құрамында уәкілетті органның өкілдері, комиссияның жұмыс органының мамандары, бейінді мамандар, әртүрлі аурулар кезінде көмек көрсету жөніндегі өз қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бар комиссия;

6 6) пациент ‒ медициналық көмек көрсетуді қажет ететін ауруының немесе жай-күйінің болуына немесе болмауына қарамастан, медициналық көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке тұлға;

7

7) республикалық денсаулық сақтау ұйымы - уәкілетті органның, дербес білім беру ұйымының денсаулық сақтау ұйымының денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының медициналық ұйымдарының қарауындағы денсаулық сақтау ұйымы;

8 8) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) ‒ бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын медициналық көмектің көлемі.

2 2-тарау. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберудің орындылығы және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту мүмкіндігіне құжаттарды қабылдау және қарау» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

3

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберудің орындылығы және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту мүмкіндігіне құжаттарды қабылдау және қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) көзделген.

4

4. Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен отандық медициналық ұйымдарда емдеу үшін шетелге емделуге жіберу және (немесе) шетелдік мамандарды тарту орындылығына арналған құжаттарды қарау үшін көрсетілетін қызметті алушы Стандартта көрсетілген құжаттарды облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) ұсынады.

5 5. Көрсетілетін қызметті беруші Cтандартқа сәйкес құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері Стандартта көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

6 6. Көрсетілетін қызметті алушы Стандартта көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

7 7. Құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарын республикалық денсаулық сақтау ұйымына жібереді.

Республикалық денсаулық сақтау ұйымы құжаттардың топтамасын алғаннан кейін осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген іс-шараларды жүзеге асырады, құжаттардың топтамасын қарау қорытындысы бойынша оң шешім болған жағдайда қызмет көрсетушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пациентті шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту туралы қорытындыны немесе пациентті шетелге емделуге жіберудің орындылығы және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту туралы қабылданған шешім жөнінде хабарламаны жолдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші республикалық денсаулық сақтау ұйымынан жауап алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға пациентті шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту туралы республикалық денсаулық сақтау ұйымының қорытындысын қоса бере отырып, жазбаша жауап не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жібереді.

8

8. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) көрсетілетін қызметті беруші немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган басшысының атына шағым беру арқылы жүзеге асырылады.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

9 9. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

10 10. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің интернет–ресурсында орналастырылған dsm.gov.kz, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі.

11 11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің dsm.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

3 3-тарау. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту тәртібі

12 12. Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) ТМККК шеңберінде отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту:

1 1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары шетелге емделуге жіберілетін аурулар тізбесіне;

2 2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес шетелге емделуге жіберілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Пациентті шетелге емделуге жіберудің және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тартудың орындылығы туралы шешім қабылдау бейінді мамандардың қорытындылары негізінде республикалық денсаулық сақтау ұйымдары деңгейінде қабылданады.
Диагнозды және инновациялық технологияларды сәйкестендіруде қиындықтар туындаған кезде республикалық денсаулық сақтау ұйымы отандық және шетелдік медициналық ұйымдардың жетекші бейінді мамандарының қатысуымен консилиум ұйымдастырады.
Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша оң нәтиже болған кезде республикалық денсаулық сақтау ұйымының бірінші басшысы пациентті шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту туралы республикалық денсаулық сақтау ұйымының қорытындысын береді.

13 13. Республикалық денсаулық сақтау ұйымы жұмыс органының қарауына қағаз жеткізгіште және электрондық форматта мынадай құжаттарды енгізеді:

1 1) пациенттің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2

2) республикалық медициналық ұйым берген, диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес жүргізілген зерттеулер (растайтын құжаттарды қоса бере отырып) және консультациялар нәтижелерін қамтитын, ескіру мерзімі 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайтын, кемінде 3 (үш) отандық және (немесе) шетелдік медициналық ұйымдардың жетекші бейінді мамандарының қатысуымен консилиум шешімін қоса бере отырып, пациенттің ауру тарихынан (стационарлық/амбулаториялық) үзінді көшірме;

3 3) республикалық денсаулық сақтау ұйымының бірінші басшысы қол қойған және елтаңбалы мөрмен расталған пациентті шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емделу үшін шетелдік мамандарды тарту туралы қорытындысы;

4 4) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік маманның деректері (еркін нысанда), көрсетілетін қызметтердің тізбесі және оны көрсету мерзіміне оның құны көрсетілген пациентті емдеу бағдарламасы (баға ұсынысы) қоса беріледі.

Шетелдік мамандарды тарта отырып емдеу жүргізу үшін мынандай отандық медициналық ұйымдарға рұқсат етіледі:

1

1) қаралып отырған технологияның бейініне сәйкес «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 7-бабының 62) тармақшасына сәйкес бекітілген ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген;

2

2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-238/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21746 болып тіркелген) бекітілген мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес денсаулық сақтау ұйымының жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге сәйкестігі туралы қорытындылары бар адамдар.
Комиссия базасында шетелдік мамандарды тарта отырып емдеу жүргізілетін отандық медициналық ұйымды таңдау туралы шешім қабылдайды.

14

14. Жұмыс органы республикалық денсаулық сақтау ұйымынан пациентті шетелге емделуге жіберу және (немесе) ТМККК шеңберінде отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту туралы қорытынды келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде деректерді жұмыс органының сайтында орналастырылған «күту парағы» ақпараттық жүйесіне енгізеді.

15 15. Азаматтарды шетелге емделуге жіберу және (немесе) ТМККК шеңберінде отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту туралы ұсыным шығару үшін жұмыс органы:

1

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары шетелге емделуге жіберілетін аурулар тізбесіне және (немесе) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес шетелге емделуге жіберілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесіне оларды алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде республикалық денсаулық сақтау ұйымы ұсынған осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген құжаттарды қарайды;

2

2) азаматтарды шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту үшін республикалық денсаулық сақтау ұйымының қорытындысын алған күннен бастап келесі жұмыс күні көрсетілетін қызметтердің тізбесін және оны көрсету мерзіміне олардың құнын көрсете отырып, шетелдік медициналық ұйымдардан пациентті емдеу бағдарламасын (баға ұсынысын) сұратады;

3 3) шетелдік медициналық ұйым ұсынған пациенттерді емдеу бағдарламасын пысықтау және келісу үшін шетелде емдеуді ұсынған республикалық денсаулық сақтау ұйымының бейінді мамандарын тартады немесе отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тартады;

4 4) шетелдік медициналық ұйымдардың мамандары пациенттің жай-күйі туралы қосымша ақпарат сұратқан жағдайда, сұрау салу келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шетелдік медициналық ұйымдармен онлайн консультациялар ұйымдастырады;

5 5) технологиялар бөлінісінде жоспарлы тәртіппен шетелдік мамандарды тарта отырып, отандық медициналық ұйымдарда емдеуді ұйымдастыруға мұқтаж пациенттердің тізімін қалыптастырады;

6 6) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін бейінді республикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп, бейінді шетелдік маманды іздеуді жүзеге асырады.

16 16. Осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асыру нәтижелері бойынша жұмыс органы комиссияға:

1

1) республикалық денсаулық сақтау ұйымынан пациентті шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту туралы қорытындыны алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс органының пациентті шетелге емделуге жіберу туралы ұсынымды;

2

2) пациентті шетелге емделуге жіберу және (немесе) республикалық денсаулық сақтау ұйымынан отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту туралы қорытындыны алған күннен бастап 90 (тоқсан) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдік мамандарды тарта отырып, отандық медициналық ұйымдарда пациентті емдеу жүргізу туралы жұмыс органының ұсынымын ұсынады.

17 17. Комиссия уәкілетті орган жанындағы тұрақты жұмыс істейтін сараптау комиссиясы болып табылады.

Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды және 15 (он бес) адамнан аспайды. Комиссия құрамына төраға, төрағаның орынбасары, мүшелері, хатшы кіреді.
Комиссияның ұйымдастырушылық қызметін комиссия хатшысы қамтамасыз етеді. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ. Комиссия хатшысының функцияларын уәкілетті органның маманы орындайды.
Комиссияның құрамы және комиссияның қызметі туралы ереже уәкілетті орган басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен бекітіледі және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

18 18. Комиссия:

1

1) таңдалған шетелдік медициналық ұйымның атауын, емдеу бағдарламасын, оның ішінде кезең-кезеңмен емдеуді (қажет болған жағдайда) қоса алғанда, пациентті шетелге емделуге жіберу туралы шарт сомасы, пациентке және ілесіп жүретін адамға (қажет болған жағдайда) әуе/теміржол билеттерін сатып алуға арналған рұқсат;

2 2) шетелге емделуге жіберуден бас тарту туралы;

3 3) пациенттің құжаттарын қарау мерзімін ұзарту туралы;

4 4) шетелдік маманның деректерін, қаламақы сомасын, емдеу бағдарламасын және базасында емдеу жүргізілетін отандық медициналық ұйымның атауын қоса алғанда, шетелдік мамандарды тарта отырып, отандық медициналық ұйымдарда пациентке емдеу жүргізу туралы;

5 5) шетелдік мамандарды тарта отырып, отандық медициналық ұйымдарда пациентке емдеу жүргізуден бас тарту туралы;

6 6) жұмыс органының шетелдік медициналық ұйымға емделуге ақы төлеу міндеттемесі туралы кепілдік хат беруі туралы;

7 7) қосымша келісім жасай отырып, емдеу бағдарламасы өзгерген кезде шетелдік медициналық ұйымда пациентті емдеуді жалғастыру және пациент емделуде болған кезеңде шарт сомасының 10 (он) пайызынан аспайтын мөлшерде шарт сомасын ұлғайту қажеттілігі туралы;

8 8) пациент емделуде болған кезеңде шарттың жалпы сомасын ұлғайтпай, қосымша келісім жасай отырып, емдеу бағдарламасы өзгерген кезде шетелдік медициналық ұйымда пациентті емдеуді жалғастыру қажеттілігі туралы;

9 9) қосымша келісім жасай отырып, шарт сомасын азайту туралы;

10 10) қосымша келісім жасай отырып, шарттың жалпы сомасын ұлғайтпай шарттың қолданылу мерзімін ұзарту қажеттілігі туралы;

11 11) комиссияның бұрын қабылданған шешімінің күшін жою туралы;

12 12) шетелдік медициналық ұйымдардың тізбесін бекіту туралы шешім қабылдайды.

Комиссия шешімі хаттамалық шешімде көрсетілетін комиссия мүшелерінің пікірлерін ескере отырып, әрбір жағдайда жеке қабылданады.

19

19. Жұмыс органы пациентті шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту туралы комиссияның хаттамалық шешімінің негізінде шетелдік мамандарды азаматтық заңнамаға сәйкес тарта отырып, Қазақстан Республикасының азаматтарына медициналық қызметтер көрсетуге арналған шетелдік медициналық ұйыммен немесе отандық медициналық ұйыммен пациентті емдеуге арналған шартты комиссия отырысы өткізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жасасады.
Шетелдік медициналық ұйымда пациентті емдеу мақұлданған жағдайда, пациент немесе оның заңды өкілі:

1 1) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пациенттің шетелге жіберу қағидаларымен келіміне;

2 2) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пациенттің фото және бейнетүсірілімге келісіміне;

3 3) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пациенттің шетелде емделуге арналған қаржылық алымдардан бас тарту туралы келісіміне қол қояды.

20

20. Шетелдік медициналық ұйым жұмыс органына пациентті шетелдік медициналық ұйымда емдеуді жалғастыру қажеттілігі және (немесе) пациентті емдеу бағдарламасын өзгерту туралы ұсынымдар берген кезде жұмыс органы емдеу бағдарламасын қарайды және республикалық денсаулық сақтау ұйымының бейінді мамандарымен келіседі.
Жұмыс органы келісу нәтижелері бойынша Комиссияның қарауына шетелдік медициналық ұйым ұсынған құжаттарды және республикалық денсаулық сақтау ұйымының бейінді маманының осы шетелдік медициналық ұйымда емдеуді жалғастырудың орындылығы туралы қорытындысын шығарады.
Пациентке қайта транспланттау қажет болған кезде жаңа шарт жасалады.
Жұмыс органы шетелдік медициналық ұйымды комиссия қабылдаған шешім туралы ол қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

21

21. Пациентті емдеу аяқталғаннан және пациентті шығару эпикризі ұсынылғаннан кейін жұмыс органы шетелдік медициналық ұйым көрсеткен медициналық қызметтер көлемінің сәйкестігін айқындау үшін пациентті шетелге емделуге жіберу туралы қорытынды берген кемінде 2 (екі) отандық бейінді мамандардың, оның ішінде республикалық денсаулық сақтау ұйымының бейінді маманының қатысуымен шетелдік медициналық ұйыммен онлайн консультация беруді ұйымдастырады.
Онлайн консультацияның қорытындылары хаттамамен рәсімделеді.

1.1 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберудің орындылығы және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту мүмкіндігіне құжаттарды қабылдау және қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту қағидаларына 1- қосымша
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберудің орындылығы және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту мүмкіндігіне құжаттарды қабылдау және қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1
2
3
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Об­лы­стар­дың, Нұр-Сұл­тан, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
Көр­се­ту мер­зі­мі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап-2 (екі) жұ­мыс кү­ні ішін­де;
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге мә­лі­мет­тер­ді тап­сы­руы­ның рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты - 30 (отыз) ми­нут.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
Қа­ғаз тү­рін­де
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
рес­пуб­ли­ка­лық ден­са­улық сақ­тау ұй­ы­мы­ның па­ци­ент­ті ше­тел­ге ем­де­лу­ге жі­бе­ру және (неме­се) отан­дық ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­дар­да ем­деу жүр­гі­зу үшін ше­тел­дік ма­ман­дар­ды тар­ту ту­ра­лы қо­ры­тындыс­ы­на қо­сым­ша­сы­мен жа­з­ба­ша жа­у­ап не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден дәлел­ді бас тар­ту
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке тұ­лға­лар­ға те­гін көр­се­ті­ле­ді.
7
Жұ­мыс кесте­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жұ­мыс кесте­сі – 2015 жыл­дың 23 қа­ра­ша­сын­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі-жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
1) ер­кін ны­сан­да­ғы өті­ніш;
2) же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру үшін же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат;
3) па­ци­ент­тің ау­ру та­рихы­нан үзін­ді (ескі­ру мер­зі­мі 30 (отыз) жұ­мыс кү­ні­нен ас­пай­ды).
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көр­се­ті­л­ген Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­мен бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
3) уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ке­лі­сі­мі ту­ра­лы сұ­рау са­лу­ға бе­рі­л­ген те­ріс жа­у­ап, сон­дай-ақ са­рап­та­ма­ның, зерт­те­удің не тек­се­ру­дің те­ріс қо­ры­тындысы не осы Қа­ғи­да­лар­мен бел­гі­лен­ген тек­се­ру­лер.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры Ми­ни­стр­лік­тің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған. dsm. gov. kz «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мі.
Қыз­мет көр­се­ті­ле­тін орын­ның жағ­дай­ла­рын көр­се­ту (үй-жай ре­жи­мі, қа­уіп­сіз­дік­ті қам­та­ма­сыз ету, же­ке мүм­кін­дік­те­рі шек­те­улі адам­дар үшін жа­сал­ған жағ­дай­лар, кү­ту­дің және қа­жет­ті құ­жат­тар­ды дай­ын­да­удың қо­лай­лы жағ­дай­ла­ры (кү­ту за­лы, үл­гі­лер қой­ы­л­ған та­ған­дар) және та­ғы сол си­яқ­ты).
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры Ми­ни­стр­лік­тің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да көр­се­ті­л­ген. dsm. gov. kz мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 8-800-080-7777, 1414.

1.2 Пациентті шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту туралы республикалық денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту қағидаларына 2- қосымша
Пациентті шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту туралы республикалық денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы

Па­ци­ент­тің де­ректе­рі
1
2
3
1
Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған кез­де)
2
ЖСН
3
Ту­ған кү­ні
4
Ме­кен жайы
5
То­лық кли­ни­ка­лық ди­а­гноз
6
Іле­с­пе ди­а­гноз
7
Ұсы­ны­ла­тын ем­деу (нақ­ты ма­ни­пу­ля­ци­я­ны көр­се­ту)
8
Па­ци­ент­ті ше­тел­ге ем­де­лу­ге жі­бе­ру қа­жет­ті­лі­гі ту­ра­лы ше­шім
1. Қа­жет (дәлел­деу)
2. Қа­жет емес (ке­ре­гі­нің астын сы­зу ке­рек)
9
Ше­тел­дік ма­ман­дар­ды тар­та оты­рып, отан­дық ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­дар­да па­ци­ент­ті ем­деу қа­жет­ті­лі­гі ту­ра­лы ше­шім
1. Қа­жет (дәлел­деу)
2. Қа­жет емес (ке­ре­гі­нің астын сы­зу ке­рек)
10
Бұл тех­но­ло­ги­я­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бір­де-бір Ден­са­улық сақ­тау ұй­ы­мын­да орын­дал­май­тынды­ғын рас­тау
11
Ем­де­удің кү­ті­ле­тін әсе­рі
12
Ағ­за­лар мен тін­дер­ді транс­плант­та­у­ға жі­бер­ген жағ­дай­да до­нор­лар­дың бо­луы/бол­мауы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер қо­са бе­рі­ле­ді
1. Тип­теу де­ректе­рі (қо­са бе­рі­л­ген) – иә / жоқ
2. Туы­стық до­нор­лар­дың жоқ­тығ­ын рас­тай­тын де­ректер (қо­са бе­рі­ле­ді) – иә / жоқ
3. Ел­де до­нор­лар­дың жоқ­тығ­ын рас­тай­тын де­ректер (қо­са бе­рі­ле­ді) – иә / жоқ
4. Ха­лы­қа­ра­лық тір­ке­лім­дер­де­гі ал­дын ала із­деу де­ректе­рі (қо­са бе­рі­ле­ді) – иә / жоқ
13
Па­ци­ент­ті ше­тел­ге ем­де­лу­ге жі­бе­ру ке­зін­де еріп жү­ре­тін адам­ның қа­жет­ті­лі­гі ту­ра­лы ше­шім
1. Қа­жет (дәлел­деу)
2. Қа­жет емес (ке­ре­гі­нің астын сы­зу ке­рек)
14
Қо­ры­тын­ды тол­ты­ры­л­ған күн
Осы қорытындыға қол қоя отырып, денсаулық сақтау ұйымының басшысы ұсынылған деректердің
дұрыстығы үшін жауапты болады
Республикалық денсаулық сақтау ұйымының басшысы
/____________/_________________________/
(қолы) Т.А.Ә ((бар болса))

1.3 Қазақстан Республикасының азаматтары шетелге емделуге жіберілетін аурулардың тізбесі

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту қағидаларына 3- қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының азаматтары шетелге емделуге жіберілетін аурулардың тізбесі

1 1. Мидың хирургиялық қол жетпейтін функционалды маңызды аймақтарында орналасуына байланысты радиохирургиялық емдеу әдісін (гамма-пышақ) қажет ететін артериовеноздық мальформациялар мен ісіктер.

2 2. Эндоваскулярлық емдеуге арналған ми діңі, жұлын тамырларының артериовенозды мальформациялары және артериялық аневризмдер.

3 3. Трансоральды алып тастау үшін бас сүйегінің негізінің ісіктері.

4 4. Радиохирургиялық емдеуді қажет ететін көздің қатерлі ісіктері (гамма-пышақ, радиоактивті аппликаторлар).

5 5. Кератопротездеу.

6

6. Ересектер мен балалардың гемопоэздік дің жасушаларын аутологиялық және туыстық транспланттауды қоспағанда, тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттауды талап ететін аурулар, Қазақстан Республикасында талап етілетін технологиялардың болмауына байланысты емдеудің осы әдістемесі орындалмайтын аурулардан басқа, сондай-ақ мөлдір қабықты транспланттау.

7 7. Көмейдің стенозы.

8 8. Кеңірдек стенозы.

9 9. Lu (лютеций) 177 изотопымен радионуклидтік терапиямен нейроэндокриндік ісіктер.

1.4 Шетелге емделуге жіберілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесі

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту қағидаларына 4- қосымша
Шетелге емделуге жіберілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесі

1 1. Қазақстан Республикасында жүргізілмейтін жоғары технологиялық медициналық көмекке көрсетілімдер болған кезде 18 жасқа дейінгі балалар.

2

2. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасында жүргізілмейтін жоғары технологиялық медициналық көмекке көрсетілімдер болған кезде қызметтік міндеттерін атқару кезінде ауыр жарақат алған және мертіккен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қызметшілері.

1.5 Пациентті шетелге емделуге жіберу туралы жұмыс органының ұсынысы

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту қағидаларына 5- қосымша
Нысан
Пациентті шетелге емделуге жіберу туралы жұмыс органының ұсынысы

Па­ци­ент­тің де­ректе­рі
Ес­керт­пе
1
2
3
1
Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған кез­де)
2
ЖСН
3
Ту­ған кү­ні
4
Ме­кен жайы
5
То­лық кли­ни­ка­лық ди­а­гноз
6
Іле­с­пе ди­а­гноз
7
Жүр­гі­зі­л­ген ем­деу
8
Жүр­гі­зі­л­ген зерт­ха­на­лық-ди­а­гно­сти­ка­лық зерт­те­улер
9
Па­ци­ент­ті ше­тел­ге ем­де­лу­ге жі­бе­ру және (неме­се) отан­дық ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­дар­да ем­деу жүр­гі­зу үшін ше­тел­дік ма­ман­дар­ды тар­ту қа­жет­ті­лі­гі ту­ра­лы рес­пуб­ли­ка­лық ден­са­улық сақ­тау ұй­ы­мы­ның қо­ры­тындысы
1. Мұқ­таж
2. Мұқ­таж емес (қа­жет­ті­сі­нің астын сы­зу)
10
Ше­тел­де ме­ди­ци­на­лық ор­та­лық­тар­да ем­деу құ­ны
1.
2.
3.
11
Каль­ку­ля­ци­я­мен ем­деу бағ­дар­ла­ма­сы (қо­са бе­рі­ліп отыр)
12
Ұсы­ны­ла­тын ше­тел­дік ме­ди­ци­на­лық ұй­ым (ел)
13
Алып жү­ру­ге мұқ­тажды­ғы (се­бе­бін көр­се­ту)
14
Ем­де­у­ге жат­қызуға жі­бе­ру мер­зім­де­рі
15
Ес­керт­пе
Жұмыс органының басшысы
/____________/___________________________/
(қолы) Т.А.Ә ((бар болса))

1.6 Шетелдік мамандарды тарта отырып, отандық медициналық ұйымдарда пациентті емдеу жүргізу туралы жұмыс органының ұсынымы

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту қағидаларына 6 - қосымша
Нысан
Шетелдік мамандарды тарта отырып, отандық медициналық ұйымдарда пациентті емдеу жүргізу туралы жұмыс органының ұсынымы

Па­ци­ент­тің де­ректе­рі
Ес­керт­пе
1
2
3
1
Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са)
2
ЖСН
3
Ту­ған кү­ні
4
Ме­кен­жайы
5
То­лық кли­ни­ка­лық ди­а­гноз
6
Іле­с­пе ди­а­гноз
7
Жүр­гі­зі­л­ген ем­деу
8
Жүр­гі­зі­л­ген зерт­ха­на­лық-ди­а­гно­сти­ка­лық зерт­те­улер
9
Па­ци­ент­ті ше­тел­ге ем­де­лу­ге жі­бе­ру қа­жет­ті­лі­гі ту­ра­лы рес­пуб­ли­ка­лық ден­са­улық сақ­тау ұй­ы­мы­ның қо­ры­тындысы
1. Мұқ­таж
2. Мұқ­таж емес (қа­жет­ті­сі­нің астын сы­зу)
10
Отан­дық кли­ни­ка (ма­стер-класс ұй­ым­да­сты­ру­шы­сы)
11
Тар­ты­ла­тын ма­ман ту­ра­лы мә­лі­мет (ҚР қол­да­ны­с­та­ғы заң­на­ма­сы­на сәй­кес қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі, ше­тел­дік ма­ман­ды таң­дау ту­ра­лы негіз­де­ме)
12
Шы­ғын­дар сме­та­сы
13
Оқу бағ­дар­ла­ма­сы
14
Ем­деу жүр­гі­зу мер­зі­мі
15
Ес­керт­пе
Жұмыс органының басшысы /___________/_____________/
(қолы) (қолы) Т.А.Ә ((бар болса))

1.7 Пациенттің шетелге жіберу қағидаларымен келісуі

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту қағидаларына 7 - қосымша
Нысан
________________________
жеке куәлігі №___
ЖСН ______________________
тұратын мекенжайы___________
тел.: ______________________
Пациенттің шетелге жіберу қағидаларымен келісуі
Мен, (астын сызу) пациент/заңды өкіл
_____________________________________________________________________________________,
(пациенттің/заңды өкілдің тегі, аты, әкесінің аты)
осымен _______ клиникаға емделуге барумен байланысты барлық ықтимал тәуекелдерді
түсінемін және өзіме қабылдаймын
____________________________________________________________________________________
(клиниканың атауы)
____________________________________________________________________________________
(ел, қала, клиниканың мекенжайы)
_____кезеңнен бастап, ______аяқталғанға дейін ______.
Осы арқылы жұмыс органының мамандары маған шетелдік медициналық ұйымның рейстері, координаттары туралы ақпаратты жеткізгенін растаймын, онда мені (менің баламды) бюджет қаражаты есебінен емделуге жібереді, сондай-ақ емдеу бағдарламасы, түрлері мен шарттары туралы хабардар етеді.
Шетелдік медициналық ұйымның ішкі тәртіп қағидаларын (режимін) сақтау қажеттігі туралы хабардар етілді.
Елге ұшудан бас тартқан жағдайда(__________), жұмыс органын электрондық және факсимильдік байланыс арқылы хабардар етемін (электрондық мекенжайға жаза отырып: және нөмірлері бойынша қоңырау шала отырып:).
Жұмыс органына екі жаққа жол жүру бойынша растайтын құжаттардың түпнұсқаларын (отырғызу талонын) беремін.
Жұмыс органының талабы бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келгеннен кейін мен медициналық құжаттарды және шетелдік медициналық ұйымда кешенді медициналық емдеуді алудың барысы мен нәтижелері туралы ақпаратты (үзінді) кез келген белгілі тәсілмен және/немесе электрондық мекенжайға ұсынамын: _____________
Мен ақпараттандырылған келісімнің мәтінін оқыдым, осы құжаттың мағынасы мен мақсатын түсіндім. Осы ақпараттандырылған ерікті келісім медициналық көмек алудың барлық кезеңіне жасалған сәттен бастап жарамды.
Мен медициналық араласуға келісемін маған (менің балама) көрсетілген шетелдік медициналық ұйымда.
Мен ережелері маған түсіндірілген осы құжаттың барлық тармақтарымен таныстым (таныстым) және келісемін (келісемін) және ұсынылған көлемде тексерілуге және емделуге өз еркімен келісімімді беремін.
20___жылғы«____»____________.
_________________________/қолы/

1.8 Пациенттің фото және бейнетүсірілімге келісімі

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту қағидаларына 8 - қосымша
Нысан
Пациенттің фото және бейнетүсірілімге келісімі
Мен, ___________________________________________________________________________,
(ата-анасының немесе заңды өкілінің аты-жөні)
тегін фото мен бейнетүсірілімге, сондай-ақ фото мен бейнематериалдарды тек қана мынадай мақсаттарда пайдалануға келісім беремін:
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ сайтында орналастыруға;
Медициналық ұйымның жарнамалық бейне және фотоматериалдарында және баспа өнімдерінде орналастыруға.
Мен фонды өзгерту және сапасын жақсарту үшін фото және бейнематериалдарды өңдеу мүмкіндігі туралы хабардар болдым.
Осы келісім ақпаратты сақтау мерзімі ішінде қолданылады.
Мен осындай келісім бере отырып, өз еркіммен және өз мүддеммен әрекет ететінімді растаймын.
/ _____________/________________________/___________ /
Қолы қолын таратып жазу күні

1.9 Пациенттің шетелде емделуге арналған қаржылық алымдардан бас тарту туралы келісімі

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту қағидаларына 9 - қосымша
Нысан
Пациенттің шетелде емделуге арналған қаржылық алымдардан бас тарту туралы келісімі
Мен, Қазақстан Республикасының азаматы
______________________________________________________, шетелдік медициналық ұйымда емделуге
Қазақстан Республикасының және басқа да республикалардың азаматтарынан ақша жинаудан бас
тартуға келісім беремін.
Мен емделу бюджет қаражаты есебінен төленетіні туралы хабардармын.
Мен осындай келісім бере отырып, өз еркіммен және өз мүддеммен әрекет ететінімді растаймын.
/_________________/ _____________________ / ______________ /
Қолы қолды таратып жазу күні

2 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2021 жылғы 26 мамырдағы
№ ҚР ДСМ -45 бұйрығына
2 - қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

1

1. «Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 544 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11795 болып тіркелген).

2

2. «Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 544 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 12 шілдедегі № 608 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14169 болып тіркелген).

3

3. «Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 544 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 маусымдағы № 399 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15339 болып тіркелген).

4

4. «Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 544 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 918 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16107 болып тіркелген).

5

5. «Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 544 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № ҚР ДСМ-46/2020 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20620 болып тіркелген).

Қолданыстағы