Об утверждении норматива субсидий закупаемой сельскохозяйственной продукции, по которой устанавливаются гарантированная закупочная цена и закупочная цена
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норматива субсидий закупаемой сельскохозяйственной продукции, по которой устанавливаются гарантированная закупочная цена и закупочная цена
- Атауы (қаз.)
- Кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімі субсидияларының нормативін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 137/4
- Қабылданған күні
- 25.05.2021
- Көрсетілген редакция
- 11.07.2022 156213_583548.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.07.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21P0022871
- ЭКБ идентификаторы
- 156213
- Редакция идентификаторы
- 156213_583548
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:03
0 Кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу
бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімі
субсидияларының нормативін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7-бабы 2-тармағының 12-6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы №3-2/615 бұйрығымен бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларының 11-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы «Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауыл шаруашылығы өнімінің тізбесін бекіту туралы» № 477 бұйрығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімі субсидияларының нормативі бекітілсін.
2 2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Қ. Байхановқа жүктелсiн.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 Кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімі субсидияларының нормативі
Павлодар облысы әкімдігінің
2021 жылғы 25 мамырдағы
№ 137/4 қаулысымен
бекітілген
Кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы
белгіленетін, сатып алынатын ауыл шаруашылығы
өнімі субсидияларының нормативі
Ауылшаруашылық өнімінің атауы
Тереңдете өнделген өнімдердің атауы
Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативі,
теңге/килограмм
Сүт
Сары май
40,0
Сүт
Қатты ірімшік
25,0
Сүт
Құрғақ сүт
(майы алынбаған, майы алынған)
15,0
7 Павлодар облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
Павлодар облысы әкімдігінің
2021 жылғы 25 мамырдағы
№ 137/4 қаулысына
қосымша
Павлодар облысы әкімдігінің
күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1 1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы «Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің субсидиялар нормативін бекіту туралы» № 37/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4315 болып тіркелген).
2
2. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 қарашадағы «Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы «Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің субсидиялар нормативін бекіту туралы» № 37/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 307/11 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4824 болып тіркелген).
3
3. Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы «Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы «Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің субсидиялар нормативін бекіту туралы» № 37/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 60/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5460 болып тіркелген).
4
4. Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 3 мамырдағы «Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы «Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің субсидиялар нормативін бекіту туралы» № 37/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 137/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6337 болып тіркелген).