Об утверждении критериев отнесения опасных производственных объектов к декларируемым
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении критериев отнесения опасных производственных объектов к декларируемым
- Атауы (қаз.)
- Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 240
- Қабылданған күні
- 26.05.2021
- Көрсетілген редакция
- 14.07.2023 156228_648413.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022883
- ЭКБ идентификаторы
- 156228
- Редакция идентификаторы
- 156228_648413
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:02
0 Қауіпті өндірістік объектілерді
декларацияланатын объектілерге
жатқызу критерийлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 133) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлері бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
8 Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлері
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2021 жылғы 26 мамырдағы
№ 240
бұйрығымен бекітілген
Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлері
Р/с №
Қауіпті заттың атауы
Критерийлер (қауіпті заттың шекті мөлшері), тонна
1
2
3
1.
Аммиак
5
2.
Акрилонитрил
200
3.
Хлор
5
4.
Этилен оксиді
50
5.
Цианит сутегі
20
6.
Фторлы сутегі
50
7.
Күкіртті сутегі
1
8.
Күкірт диоксиді
200
9.
Күкірт триоксиді
75
10.
Қорғасын алкилдері
50
11.
Фосген
0,75
12.
Метилизоцианат
0,15
13.
Хлорпикрин
0,55
14.
Бромметил
15
15.
Металлил хлорид
20
16.
Тұз қышқылы
40
17.
Азот қышқылы
25
18.
Фторлы-сутекті (плавик) қышқылы
10
19.
Ортофосфор қышқылы
25
20.
Күкірт қышқылы
20
21.
Тұтанатын заттар
200
22.
Жанатын заттар
200
23.
Технологиялық процесте қолданылатын немесе магистральды құбыр бойынша тасымалданатын жанатын сұйықтықтар
200
24.
Қышқылданатын заттар
200
25.
Жарылғыш заттар
25
26.
Уытты заттар
200
27.
Уыттылығы жоғары заттар
20
28.
Қоршаған табиғи орта үшін қауіп тудыратын заттар
200
Р/с №
Қызмет түрінің атауы
1
2
1.
Қара, түсті, бағалы металдардың балқымаларын және осы металдар негізіндегі қорытпаларды өндіру
2.
Иондаушы сәулелену көздерін, элеваторларды пайдалану
3.
Тау-кен, геологиялық барлау, бұрғылау, жару жұмыстарын, пайдалы қазбаларды өндіру және минералдық шикізатты қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруді қоспағанда), жерасты жағдайындағы жұмыстарды жүргізу