Құжат мәтініне өту

О порядке назначения и выплаты единовременного вознаграждения и ежемесячного пособия лицам, присвоенным звания "Почетный гражданин Атырауской области"

Өзге акт · № 148-II · қабылданған 04.10.2001
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-15623/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О порядке назначения и выплаты единовременного вознаграждения и ежемесячного пособия лицам, присвоенным звания "Почетный гражданин Атырауской области" Күшін жойған Өзге акт ·№ 148-II ·04.10.2001
16.10.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.10.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О порядке назначения и выплаты единовременного вознаграждения и ежемесячного пособия лицам, присвоенным звания "Почетный гражданин Атырауской области"

Күшін жойған Өзге акт ·№ 148-II · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О порядке назначения и выплаты единовременного вознаграждения и ежемесячного пособия лицам, присвоенным звания "Почетный гражданин Атырауской области"
Атауы (қаз.)
"Атырау облысының құрметті азаматы" атағы берілген адамдарға біржолғы сыйақы және ай сайынғы жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібін бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
148-II
Қабылданған күні
04.10.2001
Көрсетілген редакция
16.10.2009 15623_213692.kaz
Соңғы өзгеріс
16.10.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V01T000721_
ЭКБ идентификаторы
15623
Редакция идентификаторы
15623_213692
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 23:33

0 "Атырау облысының құрметті азаматы" атағы берілген адамдарға біржолғы сыйақы және ай сайынғы жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібін бекіту туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 16.10.2009 № 250-IV шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы N 148Заңына сәйкес ІІ сайланған облыстық Мәслихаттың ХІІІ сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
Атырау облысы әкімі ұсынған Атырау облысының Құрметті азаматы атағы берілген адамдарға біржолғы сыйақы және ай сайынғы жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі бекітілсін (жалғанды).

1 Екінші сайланған Облыстық

Мәслихаттың ХІІІ сессиясының
2001 жылғы 5 қазандағы
№ 148-ІІ шешімімен бекітілген
"Атырау облысының құрметті азаматы" атағы берілген адамдарға біржолғы сыйақы және ай сайынғы жәрдемақы тағайындау және төлеу Тәртібі

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы тәртіп екінші шақырылған облыстық Мәслихаттың 2001 жылғы 11 шілдедегі сессиясының N 133-ІІ "Атырау облысының құрметті азаматы" атағы туралы Ережеге толықтырулар енгізу туралы" шешіміне сәйкес әзірленді.

2 2. Тағайындау және төлеу тәртібі

2 2. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдары Атырау облысының Құрметті азаматы атағы берілген адамға (алға қарай - құрметті азамат) біржолғы сыйақыны және ай сайынғы жәрдемақыны тағайындайды.

3 3. Құрметті азаматқа:

1

1) "Атырау облысының Құрметті азаматы" атағы берілгенге дейін облыстық Мәслихаттың "Атырау облысының Құрметті азаматы" атағын беру мәселесін зерделеу және қарау туралы комиссиясы (алға қарай - комиссия) төрағасының хабардар етуі арқылы 200 мың теңге мөлшерінде біржолғы сыйақы тағайындалады және осы атақты беру кезінде екінші деңгейдегі банктегі құрметті азаматтың атына ашылған есепшотқа аудару жолымен тапсырылады.

2 2) ай сайынғы жәрдемақы жоғарыда аталған комиссияны хабардар ету арқылы атақ берілген айдан бастап үш еселенген бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалып, келесі айдан бастап төленеді.

3 3. Қаржыландыру тәртібі

4 4. Құрметті азаматқа төленетін біржолғы сыйақы мен ай сайынғы жәрдемақыны қаржыландыру жергілікті бюджеттен осы мақсатқа қаралған қаржы есебінен жүзеге асырылады.

5 5. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті комиссияның хабардар етуі негізінде облыстық қаржы басқармасына қаржыландыру мақсатында өтінім жолдайды:

1 1) "Атырау облысының Құрметті азаматы" атағы берілгенге дейінгі біржолғы сыйақы туралы;

2 2) Әр айдың 10 жұлдызына дейін ай сайынғы жәрдемақы туралы.

6

6. Облыстық қаржы басқармасы еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің өтінімі негізінде жоғарыда аталған төлемдер түрлерін төлеу үшін жергілікті бюджетте қаралған қаржыны бөледі. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті ағымдағы шотына түскен қаржыны екінші деңгейдегі банктер шотына құрметті азаматқа төлеу үшін біржолғы сыйақы мен ай сайынғы жәрдемақыны, сонымен қатар агенттік келісімге сәйкес комиссиялық сыйақыларды аударады.

7 7. Құрметті азаматқа біржолғы сыйақыны және ай сайынғы жәрдемақыны төлеу екінші деңгейдегі банктер алушының жеке басын куәландыратын құжаты (төлқұжаты немесе жеке куәлігі) көрсетілгеннен кейін жүргізіледі.

4 4. Есеп жүргізу және есеп беру тәртібі

8 8. Біржолғы сыйақы және ай сайынғы жәрдемақы туралы есеп жүргізу және есеп беру еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдарына жүктеледі.

9 9. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдары әр айдың 10 жұлдызына дейін екінші деңгейдегі банктермен өткен кезеңде төленген қаржыларға салыстырып, тексеру актілерін жасайды.

10 10. Бөлінген қаржылардың мақсатты пайдалануын бақылауды уәкілетті органдар жүзеге асырады.

11 11. Заңсыз төленген сома заңнамада белгіленген тәртіппен орнын толтыруға жатады.

Қолданыстағы