«Об утверждении Правил подтверждения минерализации (проявления) твердых (общераспространенных) полезных ископаемых по контрактам на недропользование»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- «Об утверждении Правил подтверждения минерализации (проявления) твердых (общераспространенных) полезных ископаемых по контрактам на недропользование»
- Атауы (қаз.)
- Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қатты (кең таралған) пайдалы қазбалардың минералдануын (пайда болуын) растау қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 180
- Қабылданған күні
- 03.06.2021
- Көрсетілген редакция
- 03.06.2021 156354_533314.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.06.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022971
- ЭКБ идентификаторы
- 156354
- Редакция идентификаторы
- 156354_533314
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:58
0 Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қатты (кең таралған) пайдалы қазбалардың минералдануын (пайда болуын) растау қағидаларын бекіту туралы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексінің 278-бабы 14-тармағының бесінші бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қатты (кең таралған) пайдалы қазбалардың минералдануын (пайда болуын) растау қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
0 Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қатты (кең таралған) пайдалы қазбалардың минералдануын (пайда болуын) растау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2021 жылғы 3 маусымдағы
№ 180 бұйрығымен
бекітілген
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қатты (кең таралған) пайдалы қазбалардың минералдануын (пайда болуын) растау қағидалары
1 1-тарау Жалпы ережелер
1
1. Осы Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қатты (кең таралған) пайдалы қазбалардың минералдануын (пайда болуын) растау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексінің 278-бабы 14-тармағының бесінші бөліміне сәйкес әзірленді және Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қатты (кең таралған) пайдалы қазбалардың минералдануын (пайда болуын) растау тәртібін айқандайды.
2 2. Қағидалар жер қойнауын пайдалану саласындағы уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – өтініш беруші) қолданылады.
2 2-тарау Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қатты (кең таралған) пайдалы қазбалардың минералдануын (пайда болуын) растау тәртібі
3 3. Уәкілетті орган Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қатты (кең таралған) пайдалы қазбалардың минералдануын (пайда болуын) растау қорытындысын беруге арналған өтінішті келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде қарастырады.
4 4. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қатты (кең таралған) пайдалы қазбалардың минералдануын (пайда болуын) растау қорытындысын беруге арналған өтініш осы қағидалардың (бұдан әрі - Өтініш) қосымшасына сәйкес форма бойынша жасалады.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
түсіндірме жазбада кен орнын барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарт туралы мәліметтер сипатталады; кен орнының геологиялық құрылымы; осы жұмыстарды жүргізу кезеңімен жүргізілген геологиялық-барлау жұмыстарының түрлері, әдістемесі мен көлемдері, зертханалық зерттеулер көрсетіледі; барлауға арналған түрлері, көлемдері мен шығыстары көрсетіледі; қорлардың мемлекеттік балансында есепке алынған пайдалы қазбалар қорлары болған кездегі деректер, мемлекеттік баланста қорлар болмаған жағдайда пайдалы қазбалардың авторлық қорлары/ресурстары санаттар бойынша және пайдалы компоненттің орташа құрамымен ұсынылады.
табылған минералдануды (байқалуын) бағалауды жүзеге асыру болжанатын жер қойнауы учаскесінің географиялық координаттары);
графикалық материалдар (келісімшарттық аумақ шегінде кен денелерінің, геологиялық барлау қазбаларының шығарылған контуры бар схемалық карта);
Өтініш беруші осы қағидаларының 4-тармағында көрсетілген құжаттарды электрондық нысанда ұсынады.
5 5. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген мерзімде мынадай жағдайларда қорытынды беруден бас тартады:
осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген өтініш берушінің құжаттардың толық топтамасын ұсынбау;
жер қойнауын пайдаланушының кен орнын табуды растау үшін жеткіліксіз орындаған жұмыстары;
бағалауды талап ететін учаскеде есептелген қорлар/ресурстар жоқ болған жағдайда;
Құжаттардың толық жиынтығын ұсынылмай қайтарылған жағдайда, өтініш қарастырылмайды және бұл туралы жер қойнауын пайдаланушыға түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жазбаша хабарланады.
6
6. Осы Қағидалардың 5-тармағында қарастырылған қорытындыны беруден бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда, уәкілетті орган осы Қағидалардың 3-тармағында қарастырылған мерзімде Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қатты (кең таралған) пайдалы қазбалардың минералдануын (пайда болуын) растау қорытындысы жазбаша түрде өтініш берушіге жібереді.
7 7. Егер кен орнының және/немесе кен көрінісінің паспорттары бұрын жасалмаған жағдайда, қорытындыны алғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушы паспорттар жасайды және Ұлттық геологиялық ақпарат операторына сақтауға тапсырады.
3 3-тарау. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қатты (кең таралған) пайдалы қазбалардың минералдануын (пайда болуын) растау мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
8
8. Лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектi немесе заңды тұлға үшiн шағымды қараудан бас тартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздердiң бiрi болып шығуы мүмкін.
Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз берушi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда арыз тiкелей сотқа берiледi.
1 Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қатты (кең таралған) пайдалы қазбалардың минералдануын (пайда болуын) растау қорытындысын беруге арналған Өтініш
«Жер қойнауын пайдалануға арналған
келісімшарт бойынша пайдалы қатты
(кең таралған) қазбалардың
минералдануын (байқалуын)
растау қағидаларына
қосымша
нысан
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар
министрлігі Геология
комитетінің басшысына
____________________________
(қаласы)
____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
кімнен______________________
(өтініш берушінің толық атауы,
бизнес сәйкестендіру нөмірі
немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
және жеке сәйкестендіру нөмірі,
мекенжайы, деректемелері, телефоны)
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қатты (кең таралған) пайдалы қазбалардың минералдануын (пайда болуын) растау қорытындысын беруге арналған
Өтініш
Сізден Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша пайдалы қатты (кең таралған) қазбалардың кен орнын табу, қазбалардың минералдануын (байқалуын) растау туралы қорытынды жіберуді сұраймын.
Объектінің орналасқан жері: _____________________________________
бұрыштық нүктелердің №
Географиялық координаттар
Солтүстік ендік
Шығыс бойлық
градус
минут
секунд
градус
минут
секунд
1
2
3
4
Қосымша:______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Осымен:
1 1) көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға келісімді немесе келісім беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
2 2) өтініш берушіге қызметтің осы түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
3 3) қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталатынына келісімін береді;
Өтініш берілген күн: «___» ______________ 20 ___ жыл.
________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), электрондық цифрлық қолтаңба)