О признании утратившими силу некоторых решений и структурных элементов решения Мангистауского областного маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых решений и структурных элементов решения Мангистауского областного маслихата
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің және шешімінің құрылымдық әлементтерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3/53
- Қабылданған күні
- 28.05.2021
- Көрсетілген редакция
- 28.05.2021 156380_526963.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.05.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21M0022994
- ЭКБ идентификаторы
- 156380
- Редакция идентификаторы
- 156380_526963
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:00
0 Маңғыстау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің және шешімінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің және шешімінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
2 2. «Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Маңғыстау облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Маңғыстау облыстық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің және шешімінің құрылымдық элементтерінің тізбесі
Маңғыстау облыстық мәслихатының
2021 жылғы 28 мамырдағы
№ 3/53 шешіміне
қосымша
Маңғыстау облыстық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің және шешімінің құрылымдық элементтерінің тізбесі
1 1. Маңғыстау облыстық мәслихатының «Қарақия ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидалары туралы» 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/441 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2936 болып тіркелген).
2
2. Маңғыстау облыстық мәслихатының «Қарақия ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары туралы» 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/442 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2937 болып тіркелген).
3 3. Маңғыстау облыстық мәслихатының «Облыстық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 13/159 шешіміне қосымшаның 8 және 9 тармақтары (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3438 болып тіркелген).
4
4. Маңғыстау облыстық мәслихатының «Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/442 «Қарақия ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қазандағы № 31/372 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4007 болып тіркелген).