О переименовании улиц Наурызбайского района города Алматы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании улиц Наурызбайского района города Алматы
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы Наурызбай ауданының көшелерін қайта атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 50
- Қабылданған күні
- 31.05.2021
- Көрсетілген редакция
- 31.05.2021 156385_527350.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.05.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21R0022990
- ЭКБ идентификаторы
- 156385
- Редакция идентификаторы
- 156385_527350
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:59
0 Алматы қаласы Наурызбай ауданының көшелерін
қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына cәйкес, Алматы қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2021 жылғы 14 сәуірдегі және Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 23 сәуірдегі қорытындыларының негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Төмендегі көшелерге:
Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша «Таужолы» шағын ауданындағы:
Щедрость көшесіне – Капитолина Крюкова көшесі;
Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша «Қалқаман-2» шағын ауданындағы:
5-көшеге – Сергей Дьяченко көшесі;
7-көшеге – Валерий Хрищатый көшесі;
Проектируемая көшесіне – Базарбай Жұманиязов көшесі;
Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша «Тастыбұлақ» шағын ауданындағы:
Айболит-2 көшесіне – Алексей Хегай көшесі;
Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша «Ақжар» шағын ауданындағы:
Карьерная көшесіне – Қилыбай Медеубеков көшесі;
Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша «Наурыз» шағын ауданындағы:
Интернациональная көшесіне – Саламат Мұқашев көшесі деп қайта атау берілсін.
2
2. Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі, «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы», «Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы», «Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемелері осы бірлескен қаулы мен шешімді іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.