Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министра юстиции Республики Казахстан

Бұйрық · № 494 · қабылданған 11.06.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-156398/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министра юстиции Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 494 ·11.06.2021
11.06.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.06.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы Министра юстиции Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 494 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министра юстиции Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
494
Қабылданған күні
11.06.2021
Көрсетілген редакция
11.06.2021 156398_527328.kaz
Соңғы өзгеріс
11.06.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022999
ЭКБ идентификаторы
156398
Редакция идентификаторы
156398_527328
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:54

0 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5- бабының 2- тармағының 12) тармақшасына және «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-2 бабының 2- тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына келесі өзгерістер енгізілсін:

1

1) «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініштің нысанын және құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 115 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5761 болып тіркелген):
1-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2

2) «Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу қағидаларын және оған мәліметтер мен олардың өзгерістерін енгізуді растайтын куәліктің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1315 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17325 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу қағидаларында:
8-тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«3) қандастарға;»
2-қосымша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

1 Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініш

Қазақстан Республикасы
Әділет вице-министрі
2021 жылғы 11 маусымдағы
№ 494 Бұйрыққа
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
27 тамыздағы 2019 жылғы
№ 115 бұйрығына
1-қосымша
Нысаны
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
__________________________
басшының аты-жөні, тегі (бар
болғанда)(бұдан әрі – А.Ж.Т.)
__________________________
(ұйым атауы, қызметі,
басшы А.Ж.Т.)
Реквизиттері: ______________
(заңды мекен-жайы,
байланыс телефоны)
Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініш
Бірлестік мүшелерінің атынан «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының 46-1-бабының тәртібімен аккредиттеуді сұраймын
_________________________________________________________________________
(ұйым орналасқан мекен жайы)
орналасқан, тіркеу нөмірі
______________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның тіркелу нөмірі)
БСН:
______________________________________________________________________________
(ол бар болған жағдайда)(бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
______________________________________________________________________________
(мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның толық атауы)
ұжымдық басқарудың келесі саласында
______________________________________________________________________________
(«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының 43-бабының 3-тармағына сәйкес)

Өтінішке қосымша келесі құжаттар тіркеледі:
___________________________________________________________________________
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

2 Бұйрыққа 2-қосымша

Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және оларға өзгерістерді енгізу қағидаларына
2-қосымша
«Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне
мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты»
1
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
2
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
www.egov.kz, www.kazpatent.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы
3
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
Көрсетілетін қызметті алушыдан өтінішті алған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күні ішінде
Тізілімде қызметті алушының өтініші алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде енгізілген мәліметтердің тиесілілігін, сипатын немесе мазмұнын өзгертпейтін техникалық сипаттағы қателер түзетілуі мүмкін.
4
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
Электрондық (толық автоматтандырылған)
5
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
Тізілімге мәліметтерді енгізу туралы куәлікті беру (қосымшаға сәйкес), сондай-ақ мәліметтерді Тізілімге енгізу немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту
6
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет авторлық құқықпен қорғалатын объектiлерге құқықтардың Мемлекеттiк тiзiлiмiне ақпарат енгiзуге қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үшiн және уәкiлеттi органның www.adilet.gov.kz және көрсетілетін қызметті берушінің www.kazpatent.kz ресми сайттарында орналастырылған Бағаларға (бұдан әрi – Бағалар) сәйкес ақылы негізде жеке тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметтi алушы) көрсетіледі.
Тізілімге мәліметтерді енгізгені үшін көрсетілетін қызметті беруші веб-порталдың жеке кабинеті арқылы өтініш беруші жүргізетін төлем алынады
Қажет болған жағдайда, өтініш беруші төлем мөлшерін азайту үшін негіздерді растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.
Төлем көрсетілетін қызметті берушінің newscab.kazpatent.kz ақпараттық жүйесімен түйістірілген екінші деңгейлі банктің төлем шлюзі арқылы аударым тәсілімен жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызмет беруші мәліметтерді тізілімге енгізгені үшін көрсетілген қызметтерге ақы төлеу кезінде:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 10-бабына сәйкес (бұдан әрі-1995 жылғы 28 сәуірдегі Заң) - куәлiктiң көшiрмесiн немесе жеңiлдiктерге құқығы туралы белгiсi бар зейнеткерлiк куәлiгiнiң көшiрмесiн, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiне немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiне қоса берiлетiн куәлiктiң көшiрмесiн, жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқын куәлiгiнiң не екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлерде, геттоларда және басқа ерiксiз ұстау орындарында мәжбүрлеп ұсталғандығы туралы мұрағаттық анықтаманың көшiрмесiн, комиссариаттан алынған, басқа мемлекет аумағында соғыс қимылдарына қатысқандығын растайтын анықтаманың көшiрмесiн немесе басқа мемлекеттердiң аумағында ұрыс қимылдарына қатысқандығы туралы белгi соғылған әскери билеттiң көшiрмесiн, Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткендiгiн растайтын құжат немесе жараланған, контузия алған немесе зақымданғанын растайтын медициналық құжаттардың көшiрмесiн, ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiне және медальдарына қоса берiлетiн куәлiктiң көшiрмесiн, Чернобыль АЭС-iндегi аварияның зардаптарын жоюға қатысушы куәлiгiнiң көшiрмесiн немесе Чернобыль АЭС-iндегi аварияның немесе азаматтық немесе әскери тағайындау объектiлерiндегi басқа радиациялық апаттардың зардаптарын жоюға қатысқанын, ядролық сынақтар мен оқуларға тiкелей қатысқанын растайтын құжат немесе әскери комиссариаттан немесе Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінен немесе әскери тағайындау объектiлерiндегi басқа радиациялық апаттардың зардаптарын жоюға қатысқан фактiсiн растайтын, ядролық сынақтар мен оқуларға тiкелей қатысқанын растайтын анықтаманың көшiрмесiн, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес - еңбек кiтапшасының көшiрмесiн немесе 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда жұмысы туралы мәлiметтерi бар өзге де құжаттардың көшiрмесiн (жұмыс орны, сондай-ақ мұрағат мекемелерi берген жұмыс кезеңдерi туралы мәлiметтерi бар құжаттардың, немесе бұйрықтардан, жеке шоттары мен жалақы төлеуге арналған ведомостан үзiндi көшiрмелердiң, коммунистiк партия немесе кәсiподақ мүшелерiнiң мүшелiк билеттерi немесе есеп карточкаларының, немесе қызметiн бұрын қолданыста болған заңнамаға сәйкес жүзеге асырып келген жұмыс стажын анықтау жөнiндегi, зейнетақы тағайындау жөнiндегi комиссиялардың шешiмдерiнiң, немесе сот шешiмдерiнiң, немесе арнайы комиссиялардың шешiмдерiнiң), немесе 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда әскери қызмет кезеңi туралы мәлiметтерi бар әскери билеттiң немесе анықтаманың көшiрмесiн;
2) мүгедектерге, сондай-ақ бала кезінен мүгедектің ата-анасының біреуіне;
3) қандастарға;
4) кәмелетке толмағандарға.
Жеңілдіктер адамдар санаттарының кез келгеніне жататындығы туралы растайтын құжаттар ұсынылған кезде мәліметтерді Тізілімге енгізгені үшін белгіленген бағаның 95 (тоқсан бес) пайызы мөлшерінде беріледі.
7
Жұмыс кесесі
Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді.
Веб-портал жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы жұмыс істейді (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
8
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
Тізілімге мәліметтерді енгізу үшін:
1) осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) туындының данасы.
Туындының бір данасының орнына өтінішке - эскиздер, сызбалар, суреттер немесе фотосуреттер, ал электрондық есептеуіш машинаға (ЭЕМ) немесе дерекқорға арналған бағдарламаларға қатысты бағдарламаның немесе дерекқордың атауын, автордың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жасалған күнін, қолдану саласын, мақсатын, функционалдық мүмкіндіктерін, бастапқы кодын (бастапқы мәтінді), негізгі техникалық сипаттамаларын, бағдарламалау тілін, іске асырушы ЭЕМ-нің типін қамтитын реферат қоса берілуі мүмкін.
3) құрамдас немесе туынды шығармаға қатысты түпнұсқалық туындының авторымен (ларымен) немесе құқық иесімен жасалған авторлық шарттың көшірмесі қосымша ұсынылады егер, көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген күні құрамдас туындыда басқа авторлардың қорғау мерзімі өткен туындылары пайдаланылған болса, авторлық шарт ұсынылмайды.Негізінде туынды шығарма жасалған туындының қорғау мерзімі өткен жағдайда негізгі туындының авторымен авторлық шартты ұсыну талап етілмейді;
4) діни мазмұны бар туындыларға қатысты діни сараптамасының оң қорытындысының көшірмесі қосымша ұсынылады.
Тізілімдегі мәліметтерге өзгерістер енгізу үшін:
осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш.
9
Көрсетуден бас тарту үшін негіздер
Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 9-1-бабының талаптары сақталмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
10
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
1. Мемлекеттік қызметті веб-портал арқылы алу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы қажет.
2. Көрсетілетін қызметтті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты "жеке кабинет" веб-порталда қашықтықтан қолжетімділік режим арқылы, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 62 15 15, 8 (7172) 62 15 16. Бірыңғай байланыс орталығы - 1414, 8 800 080 7777.

Қолданыстағы