Құжат мәтініне өту

О присвоении наименований и переименовании некоторых составных частей города Нур-Султана

Қаулы · № 43/6-VII · қабылданған 04.06.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-156450/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О присвоении наименований и переименовании некоторых составных частей города Нур-Султана Қолданыста Қаулы ·№ 43/6-VII ·04.06.2021
04.06.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.06.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О присвоении наименований и переименовании некоторых составных частей города Нур-Султана

Қолданыста Қаулы ·№ 43/6-VII · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О присвоении наименований и переименовании некоторых составных частей города Нур-Султана
Атауы (қаз.)
Нұр-Сұлтан қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
43/6-VII
Қабылданған күні
04.06.2021
Көрсетілген редакция
04.06.2021 156450_527586.kaz
Соңғы өзгеріс
04.06.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21A0001326
ЭКБ идентификаторы
156450
Редакция идентификаторы
156450_527586
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:57

0 Нұр-Сұлтан қаласының

кейбір құрамдас бөліктеріне
атау беру және қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласы Ономастика комиссиясының 2021 жылғы 5 сәуірдегі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссиясының 2021 жылғы 23 сәуірдегі қорытындыларының негізінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Мыналарға:

Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы» ауданы бойынша:
жобалық атауы А20 көшеге – Қалижан Бекхожин көшесі;
жобалық атауы А33 көшеге – Әбубәкір Тыныбаев көшесі;
жобалық атауы А41 көшеге – Ұзақбай Қараманов көшесі;
жобалық атауы А349 көшеге – Қаршыға Ахмедияров көшесі;
Нұр-Сұлтан қаласының «Есіл» ауданы бойынша:
жобалық атауы Е30 көшеге – Күлтегін көшесі;
жобалық атауы Е109 көшеге – Ғабдолла Тоқай көшесі деп атау берілсін.

2 2. Мыналар:

Нұр-Сұлтан қаласының «Байқоңыр» ауданы бойынша:
Күлтегін орамы – Биші қайың орамы деп қайта аталсын.

3 3. Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы», «Байқоңыр», «Есіл» аудандарының әкімдері, «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы мен шешімді іске асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.

4 4. «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының және шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулы және шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

3 3) осы қаулы және шешім ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4 4) осы қаулы және шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде әділет органдарына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

5 5. Осы бірлескен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысы және Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы