Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил, срока и формы представления центральным исполнительным органом, осуществляющим руководство, а также в пределах, предусмотренных законодательством Республики Казахстан, межотраслевую координацию в сфере социальной защиты населения, сведений по лицам, получающим социальные пособия, и размерах выплачиваемых им пособий, по лицам, получающим пенсионные выплаты, и их размерах, за исключением пенсионных выплат из страховых организаций

Бұйрық · № 279 · қабылданған 31.03.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-156483/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил, срока и формы представления центральным исполнительным органом, осуществляющим руководство, а также в пределах, предусмотренных законодательством Республики Казахстан, межотраслевую координацию в сфере социальной защиты населения, сведений по лицам, получающим социальные пособия, и размерах выплачиваемых им пособий, по лицам, получающим пенсионные выплаты, и их размерах, за исключением пенсионных выплат из страховых организаций Қолданыста Бұйрық ·№ 279 ·31.03.2021
31.03.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил, срока и формы представления центральным исполнительным органом, осуществляющим руководство, а также в пределах, предусмотренных законодательством Республики Казахстан, межотраслевую координацию в сфере социальной защиты населения, сведений по лицам, получающим социальные пособия, и размерах выплачиваемых им пособий, по лицам, получающим пенсионные выплаты, и их размерах, за исключением пенсионных выплат из страховых организаций

Қолданыста Бұйрық ·№ 279 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил, срока и формы представления центральным исполнительным органом, осуществляющим руководство, а также в пределах, предусмотренных законодательством Республики Казахстан, межотраслевую координацию в сфере социальной защиты населения, сведений по лицам, получающим социальные пособия, и размерах выплачиваемых им пособий, по лицам, получающим пенсионные выплаты, и их размерах, за исключением пенсионных выплат из страховых организаций
Атауы (қаз.)
Халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органның әлеуметтік жәрдемақылар алатын адамдар және оларға төленетін жәрдемақылардың мөлшері бойынша, сақтандыру ұйымдарынан төленетін зейнетақы төлемдерін қоспағанда, зейнетақы төлемдерін алатын адамдар және олардың мөлшері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімін және нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
279
Қабылданған күні
31.03.2021
Көрсетілген редакция
31.03.2021 156483_527947.kaz
Соңғы өзгеріс
31.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G2100000279
ЭКБ идентификаторы
156483
Редакция идентификаторы
156483_527947
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:56

0

Халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органның әлеуметтік жәрдемақылар алатын адамдар және оларға төленетін жәрдемақылардың мөлшері бойынша, сақтандыру ұйымдарынан төленетін зейнетақы төлемдерін қоспағанда, зейнетақы төлемдерін алатын адамдар және олардың мөлшері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімін және нысанын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 19-6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Мыналар:

1

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органның әлеуметтік жәрдемақылар алатын адамдар және оларға төленетін жәрдемақылардың мөлшері бойынша, сақтандыру ұйымдарынан төленетін зейнетақы төлемдерін қоспағанда, зейнетақы төлемдерін алатын адамдар және олардың мөлшері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімі;

2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес әлеуметтік жәрдемақылар алатын адамдар және оларға төленетін жәрдемақылардың мөлшері бойынша, сақтандыру ұйымдарынан төленетін зейнетақы төлемдерін қоспағанда, зейнетақы төлемдерін алатын адамдар және олардың мөлшері бойынша мәліметтер нысаны бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрық қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік орган басшыларының соңғысы оған қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

1 Халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органның әлеуметтік жәрдемақылар алатын адамдар және оларға төленетін жәрдемақылардың мөлшері бойынша, сақтандыру ұйымдарынан төленетін зейнетақы төлемдерін қоспағанда, зейнетақы төлемдерін алатын адамдар және олардың мөлшері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары және мерзімі

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
20___ жылғы «___» ____ № ___
және Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
20___ жылғы «___» ____ № ___
бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органның әлеуметтік жәрдемақылар алатын адамдар және оларға төленетін жәрдемақылардың мөлшері бойынша, сақтандыру ұйымдарынан төленетін зейнетақы төлемдерін қоспағанда, зейнетақы төлемдерін алатын адамдар және олардың мөлшері бойынша мәліметтерді ұсыну
қағидалары және мерзімі

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органның әлеуметтік жәрдемақылар алатын адамдар және оларға төленетін жәрдемақылардың мөлшері бойынша, сақтандыру ұйымдарынан төленетін зейнетақы төлемдерін қоспағанда, зейнетақы төлемдерін алатын адамдар және олардың мөлшері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары және мерзімі (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 19-6-тармағына сәйкес әзірленді және әлеуметтік қорғау саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) әлеуметтік жәрдемақылар алатын адамдар және оларға төленетін жәрдемақылардың мөлшері бойынша, сақтандыру ұйымдарынан төленетін зейнетақы төлемдерін қоспағанда, зейнетақы төлемдерін алатын адамдар және олардың мөлшері бойынша мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) ұсыну тәртібі мен мерзімін айқындайды.

2 2-тарау. Халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органның әлеуметтік жәрдемақылар алатын адамдар және оларға төленетін жәрдемақылардың мөлшері бойынша, сақтандыру ұйымдарынан төленетін зейнетақы төлемдерін қоспағанда, зейнетақы төлемдерін алатын адамдар және олардың мөлшері бойынша мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімдері

2

2. Уәкілетті орган мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеттінің «Интеграцияланған деректер қоры» ақпараттық жүйесіне осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілген нысан бойынша Мәліметтердің өзгеруіне қарай күнделікті автоматтандырылған тәртіппен береді.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетті осы Қағидалардың шеңберінде алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.

2 Әлеуметтік жәрдемақылар алатын адамдар және оларға төленетін жәрдемақылардың мөлшері бойынша, сақтандыру ұйымдарынан төленетін зейнетақы төлемдерін қоспағанда, зейнетақы төлемдерін алатын адамдар және олардың мөлшері бойынша мәліметтер

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
20___ жылғы «___» ____ № ___
және Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
20___ жылғы «___» ____ № ___
бірлескен бұйрығына
2-қосымша
нысан
Әлеуметтік жәрдемақылар алатын адамдар және оларға төленетін жәрдемақылардың мөлшері бойынша, сақтандыру ұйымдарынан төленетін зейнетақы төлемдерін қоспағанда, зейнетақы төлемдерін алатын адамдар және олардың мөлшері бойынша мәліметтер

Же­ке тұл­ға бой­ын­ша мә­лі­мет
Тө­лем тү­рі
Тө­лем со­ма­сы, тең­ге
же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
те­гі, аты, әке­сі­нің аты
(ол болған кез­де)
1
2
3
4
5

2.1 «Әлеуметтік жәрдемақылар алатын адамдар және оларға төленетін жәрдемақылардың мөлшері бойынша, сақтандыру ұйымдарынан төленетін зейнетақы төлемдерін қоспағанда, зейнетақы төлемдерін алатын адамдар және олардың мөлшері бойынша мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме

«Әлеуметтік
жәрдемақылар алатын
адамдар және оларға төленетін
жәрдемақылардың мөлшері бойынша,
сақтандыру ұйымдарынан төленетін
зейнетақы төлемдерін қоспағанда,
зейнетақы төлемдерін алатын адамдар
және олардың мөлшері бойынша
мәліметтер» нысанына
қосымша
«Әлеуметтік жәрдемақылар алатын адамдар және оларға төленетін жәрдемақылардың мөлшері бойынша, сақтандыру ұйымдарынан төленетін зейнетақы төлемдерін қоспағанда, зейнетақы төлемдерін алатын адамдар және олардың мөлшері бойынша мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме
«Әлеуметтік қамсыздандыру, сонымен қатар зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы уәкілетті органның тек сақтандыру ұйымдарының зейнетақы төлемдерінен басқа, әлеуметтік төлемдер алатын адамдар және оларға төленетін төлемдер мөлшері туралы, зейнетақы төлемдерін алатын адамдар және олардың мөлшері туралы мәліметтер» нысанын халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган ұсынады және мынадай деректерді қамтиды:
1 – бағанда – жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;
2 – бағанда – жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
3 – бағанда – 2-бағанда көрсетілген жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;
4 – бағанда – төлем түрі көрсетіледі;
5 – бағанда – төлем сомасы теңгемен көрсетіледі.

Қолданыстағы