Об утверждении Правил представления уполномоченным органом в области культуры сведений по физическим лицам, владеющим материальными культурными ценностями, имеющими особое значение для истории и культуры страны и включенными в Государственный реестр объектов национального культурного достояния
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил представления уполномоченным органом в области культуры сведений по физическим лицам, владеющим материальными культурными ценностями, имеющими особое значение для истории и культуры страны и включенными в Государственный реестр объектов национального культурного достояния
- Атауы (қаз.)
- Мәдениет саласындағы уәкілетті орган елдің тарихы мен мәдениеті үшін ерекше маңызы бар және Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген материалдық мәдени құндылықтарға ие жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 278
- Қабылданған күні
- 31.03.2021
- Көрсетілген редакция
- 31.03.2021 156492_536489.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G21E0000278
- ЭКБ идентификаторы
- 156492
- Редакция идентификаторы
- 156492_536489
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:56
0 Мәдениет саласындағы уәкілетті орган елдің тарихы мен мәдениеті үшін ерекше маңызы бар және Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген материалдық мәдени құндылықтарға ие жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабының 19-4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1 1. Қоса беріліп отырған Мәдениет саласындағы уәкілетті органның елдің тарихы мен мәдениеті үшін ерекше маңызы бар және Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген материалдық мәдени құндылықтарға ие жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі осы бірлескен бұйрықтың өз интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік орган басшыларының соңғысы оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
1 Мәдениет саласындағы уәкілетті орган елдің тарихы мен мәдениеті үшін ерекше маңызы бар және Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген материалдық мәдени құндылықтарға ие жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидалары
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
20___ жылғы «___» ____ № ___
және Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
20___ жылғы «___» ____ № ___
бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Мәдениет саласындағы уәкілетті орган елдің тарихы мен мәдениеті үшін ерекше маңызы бар және Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген материалдық мәдени құндылықтарға ие жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтерді ұсыну
қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Мәдениет саласындағы уәкілетті орган елдің тарихы мен мәдениеті үшін ерекше маңызы бар және Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген материалдық мәдени құндылықтарға ие жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабының 19-4-тармағына сәйкес әзірленді және мәдениет саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган) елдің тарихы мен мәдениеті үшін ерекше маңызы бар және Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген материалдық мәдени құндылықтарға ие жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) ұсыну тәртібін айқындайды.
2 2-тарау. Мәдениет саласындағы уәкілетті орган елдің тарихы мен мәдениеті үшін ерекше маңызы бар және Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген материалдық мәдени құндылықтарға ие жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтерді ұсыну тәртібі
2 2. Уәкілетті орган осы Қағидалар күшіне енген кезден кейін бір ай ішінде Мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Комитет) электрондық құжат айналымының жүйесімен электрондық құжат түрде ұсынады.
3 3. Уәкілетті орган Мәліметтерді жаңарту нәтижелері бойынша жылына екі рет, бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша 10 шілдеден кешіктірмей және жылдың қорытындылары бойынша 10 қаңтардан кешіктірмей Мәліметтерді электрондық құжат айналымының жүйесімен электрондық құжат түрде ұсынады.
Мәліметтер жаңартылмаған жағдайда Уәкілетті орган Комитетке тиісті хабарламаны жолдайды.
4 4. Мәліметтер мемлекеттік органның басшысының орынбасарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
5 5. Техникалық қателіктер туындаған кезде, Мәліметтер электронды тасымалдағышта «Microsoft Excel» нысанында хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы ұсынылады.
Техникалық қателер жойылғаннан кейін Мәліметтер осы Қағиданың 2-тармағына сәйкес ұсынылады.