Об утверждении размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары в городе Нур-Султан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары в городе Нур-Султан
- Атауы (қаз.)
- Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 502-1712
- Қабылданған күні
- 17.05.2021
- Көрсетілген редакция
- 17.05.2021 156507_531230.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.05.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21A0001325
- ЭКБ идентификаторы
- 156507
- Редакция идентификаторы
- 156507_531230
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:06
0 Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 тіркелген) бұйрығына және Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту жөніндегі комиссия отырысының 2021 жылғы 18 наурыздағы № 1 хаттамасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері бекітілсін.
2 2. «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
3 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4 4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде әділет органына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары М.Е. Бектұроваға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 17 мамырдағы
№ 502-1712 қаулысына
қосымша
Р/с №
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының атауы
Өлшем бірлігі
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері
Әрекет ету мерзімі
1.
Тауық жұмыртқасы
1 санат
ондық
469 теңге
90 күнтізбелік
күн
2.
Күнбағыс майы
литр
647 теңге
күнтізбелік
күн
_____________________________