Об установлении минимального размера уставного капитала коллекторского агентства
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении минимального размера уставного капитала коллекторского агентства
- Атауы (қаз.)
- Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 73
- Қабылданған күні
- 14.06.2021
- Көрсетілген редакция
- 30.04.2024 156518_699925.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100023101
- ЭКБ идентификаторы
- 156518
- Редакция идентификаторы
- 156518_699925
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:53
0 Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін белгілеу туралы
«Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының ең төмен мөлшері мынадай мөлшерде белгіленсін:
банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сатып алатын коллекторлық агенттік үшін –100 000 000 (бір жүз миллион) теңге;
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін есептік тіркеуден өткен және банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сатып алатын коллекторлық агенттік үшін:
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10 000 000 (он миллион) теңге;
2022 жылғы 1 шілдеден бастап – 30 000 000 (отыз миллион) теңге;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 50 000 000 (елу миллион) теңге;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 100 000 000 (бір жүз миллион) теңге;
тек қана коллекторлық қызметті жүзеге асыратын коллекторлық агенттік үшін – 50 000 000 (елу миллион) теңге;
уәкілетті органда осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін есептік тіркеуден өткен және тек қана коллекторлық қызметті жүзеге асыратын коллекторлық агенттік үшін:
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10 000 000 (он миллион) теңге;
2022 жылғы 1 шілдеден бастап – 30 000 000 (отыз миллион) теңге;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 50 000 000 (елу миллион) теңге.
Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталы міндеттемелерді шегергенде коллекторлық агенттіктің активтері ретінде есептелетін соманы құрайды.
Құрылатын коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының ең төмен мөлшеріне ақы төлеуді растау мақсатында коллекторлық агенттік оны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) сәтіне қарай мынадай құжаттарды ұсынады: коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталына жарна ретінде ақшаның банк шотына аударылғанын растайтын және есептік тіркеуден өту үшін өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес берілген екінші деңгейдегі банктің құжаты (оның ішінде клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді-көшірме) және бар болса, шаруашылық серіктестігі қатысушыларының тізілімі не одан бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы берген үзінді - көшірме.