Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 430 · қабылданған 22.06.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-156569/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 430 ·22.06.2021
22.06.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.06.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 430 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
430
Қабылданған күні
22.06.2021
Көрсетілген редакция
22.06.2021 156569_528854.kaz
Соңғы өзгеріс
22.06.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2100000430
ЭКБ идентификаторы
156569
Редакция идентификаторы
156569_528854
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:49

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне

толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

3 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

1 1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
16-тармақ:
орталық аппараттың функциялары мынадай мазмұндағы 168-1) тармақшамен толықтырылсын:
«168-1) жарты жылдың қорытындысы бойынша – есепті жылдың 15 шілдесіне дейін, жылдың қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін жергілікті атқарушы органдар қалыптастыратын азық-түлік тауарларын есепке алу жөніндегі ақпаратты жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға ұсынады;».

2 2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
орталық аппараттың функциялары мынадай мазмұндағы 260-1) тармақшамен толықтырылсын:
«260-1) Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар ету мақсатында жарты жылдың қорытындысы бойынша – есепті жылдың 25 шілдесіне дейін, жылдың қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын, жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын, азық-түлік тауарларын есепке алу жөніндегі ақпаратты жібереді;».

3 3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
орталық аппараттың функциялары мынадай мазмұндағы 38-3) тармақшамен толықтырылсын:
«38-3) жарты жылдың қорытындысы бойынша – есепті жылдың 15 шілдесіне дейін, жылдың қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын есепке алу жөніндегі ақпаратты жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға ұсынады;».

4 4. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
орталық аппараттың функциялары мынадай мазмұндағы 146-1) тармақшамен толықтырылсын:
«146-1) жарты жылдың қорытындысы бойынша – есепті жылдың 15 шілдесіне дейін, жылдың қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу жөніндегі ақпаратты жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға ұсынады;».
_______________________

Қолданыстағы